2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша тіркелген шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 4 562 бірлікті құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 99,7 % (4 572 бірлік).
2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 4 248 бірлікті құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 99,9 % (4 249 бірлік). Көрсеткіштің орындалмауы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің таратылуымен байланысты.
2025 жылдың қаңтар–желтоқсан айлары аралығында бөлшек сауда көлемі 26 754,3 млн теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 113,8 % (23 507,7 млн теңге). Физикалық көлем индексі (ФКИ) — 103,7 %.
2025 жылдың қаңтар–желтоқсан айлары аралығында көтерме сауда көлемі 27 179,2 млн теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 100,2 % (27 103,2 млн теңге). Физикалық көлем индексі (ФКИ) — 99,4 %.
Көтерме сауда көлемі бойынша жоспарлы көрсеткіштің орындалмауы азық-түлік емес тауарлар айналымының төмендеуіне байланысты.