Құрметті жас маман!
Жоғарғы оқу орындарының түлектері оқу аяқталғаннан кейін бір жыл ішінде аудандық және ауылдық деңгейдегі төменгі мемлекеттік лауазымдарға өтуге мүмкіндітері бар. Ол үшін жастарға біріншіден жоғарғы оқу орнын мемлекеттік тапсырыс аясында тәмәмдау және екіншіден, GPA қорытындылары 3,33 кем болмауы қажет.
Сіздің мемлекеттік қызметтегі нақты вакантты лауазымдарға конкурстан тыс орналасуға мүмкіндігіңіз бар!
Егер Сіз мемлекеттік грант есебінен жоғары білім алып, оқуды жақсы нәтижемен (GPA кем дегенде 3.33) аяқтаған болсаңыз, онда диплом алғаннан соң бір жыл ішінде конкурсқа қатыспай келесі мемлекеттік әкімшілік лауазымдарды иелене аласыз:
- әкім және мәслихат аппараттарының төменгі лауазымына;
- жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ауданның атқарушы органының басшылық емес лауазымына;
- аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының басшылық емес лауазымына;
- орталық мемлекеттік органның және оның ведомствосының облыс ауданындағы немесе облыстық маңызы бар қаладағы аумақтық бөлімшесінің басшылық емес лауазымына.
Сондай-ақ сіз басқа кенттерге, ауылдық округтерге жасқанбай көшу мәселесін қарастыра аласыз – бұл жағдайда көтермелеу жәрдем ақысы және тұрғын үй алу немесе оның құрылысына бюджеттік кредит қарастырылған.
Егер Сізді бұл мәселе қызықтырса, Сәтбаев қаласы әкімі аппаратының персоналды басқару қызметіне қосымша ақпарат алу үшін 87106340019 телефоны арқылы хабарласа аласыз. Жұмыс кестесі: дүйсенбі-жұма, сағат9:00-ден 18:30-ға дейін, түскі үзіліс 13:00-ден 14:30-ға дейін.