Меню

Страницы

Статья

Сәтбаев қаласының аумағында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар және пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары туралы

Қарағанды облысы Сәтбаев қалалық мәслихатының 2020 жылғы 24 шілдедегі № 566
шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 27 шілдеде №
5979 болып тіркелді


Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 25 мамырдағы "Қазақстан
Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы"
Заңының 8-бабына сәйкес Сәтбаев қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар, бейбіт
жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін оларды пайдалану тәртібі, олардың
шекті толу нормаларын, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы
орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге
қойылатын талаптар осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес айқындалсын.
2. Пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары осы
шешімнің 2-қосымшасына сәйкес айқындалсын.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен
соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы Е. Токимбаев
Сәтбаев қалалық мәслихатының хатшысы Т. Хмилярчук
Сәтбаев қалалық
мәслихатының
2020 жылғы 24 шілдесі
№ 566
шешіміне 1-қосымша
Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар,
пайдалану тәртібі және олардың шекті толу нормалары, бейбіт жиналыстарды
ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық
және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар
1. Сәтбаев қаласында бейбіт жиналыстар ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы
орындар мен олардың шекті толу нормалары төмендегідей айқындалсын:
1) Гурба көшесіндегі "Даңқ алаңы". Шекті толу нормасы – 600 адам;
2) Ерден көшесі мен Тәуелсіздік даңғылы қиылысындағы саябақ. Шекті толу
нормасы – 600 адам.
Ымырт жағдайында бейбіт жиналыстар өткізуге арналған арнайы орындар
жарықпен қамтамасыз етілуге тиіс.
Сәтбаев қаласында шерулер мен демонстрациялардың маршруттары:
1) Сәтбаев даңғылы мен Жеңіс көшесі арқылы "Универсам" дүкенінен "Даңқ
алаңына" дейін;
2) Сәтбаев даңғылы, Байқоңыров және Гурба көшелері арқылы, "Универсам"
дүкенінен "Шахтер даңқы" монументіне дейін.
2. Ұйымдастырушы мен оның қатысушылары бейбіт жиналыстар өткізуге арналған
арнайы орындарды мынадай тәртіппен пайдаланылады:
1) хабарламада көрсетілген уақыт бойы жиналыс үшін арнайы орын аумағында
болады;
2) ғимараттардың, құрылыстардың, шағын сәулет нысандарының, жасыл екпелердің
, сондай-ақ өзге де мүліктің сақталуын қамтамасыз етеді;
3) қауіпсіздік техникасының санитарлық нормалары мен ережелерін, қоғамдық
тәртіпті сақтау жөніндегі Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтайды.
Сәтбаев қалалық
мәслихатының
2020 жылғы 24 шілдесі
№ 566
шешіміне 2-қосымша
Пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары
Пикеттеуді жүргізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары Сәтбаев
қаласының келесі объектілерінде 100 метр қашықтықта айқындалады:
1) жаппай жерлеу орындары;
2) темір жол, су, әуе және автомобиль көлігі объектілері;
3) мемлекеттің қорғаныс қабілетін, қауіпсіздігін және халықтың тыныс-тіршілігін
қамтамасыз ететін ұйымдар;
4) қауіпті өндірістік объектілер және пайдалануы арнайы қауіпсіздік техникасы
қағидаларын сақтауды талап ететін өзге де объектілер;
5) магистральдық теміржол желілерінде, магистральдық құбыржолдарда, ұлттық
электр желісінде, магистральдық байланыс желілерінде.
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және
құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК

Дата публикации
14 августа 2020
Дата обновления
14 августа 2020
Тип

Сейчас читают

19 октября 2026
БҰҚАРАЛЫҚ АҚПАРАТ ҚҰРАЛДАРЫ МЕН ОНЛАЙН-ПЛАТФОРМА ПАЙДАЛАНУШЫЛАРЫНА АРНАЛҒАН САЙЛАУ АЛДЫНДАҒЫ ҮГІТ МАТЕРИАЛДАРЫН ОРНАЛАСТЫРУ ҚҰНЫ МЕН ШАРТТАРЫ ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТТЕРДІ ЖАРИЯЛАУ ЖӨНІНДЕГІ АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА
19 октября 2026
Округтік сайлау комиссияларына арналған оқыту іс-шаралары
Ақпарат
16 октября 2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы