«Сәтбаев қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекеменің 2023 жылға арналған жұмыс жоспарында көрсетілген іс-шаралар белгіленген мерзімдерге сай толықтай орындалды.
Барлық іс-шаралар мемлекеттік ақпараттық тапсырыс есебінен жергілікті БАҚ-та, әлеуметтік желілерде ақпараттық материалдар жарияланды.
БАҚ-тағы мемлекеттік ақпараттық саясатты іске асыруға 2023 жылы 74,5 млн теңге бөлінсе, 2024 жылға 83 млн. теңге қарастырылған.
Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде іс-шараларды ұйымдастыру мен өткізуге 2023 жылы 111,1 млн. теңге бөлінсе, 2024 жылға 107,0 млн. теңге қарастырылды. Биылғы жылдың басты іс-шарасы Сәтбаев қаласының 50 жылдық мерейтойына арналған «Туған жер - тұғырың» жобасы (3 800 мың теңге) ойдағыдай өтті.
Сыртқы жарнама нысандарына ұдайы бақылау жүргізіледі. Жарамсыз нысандар қайта қалпына келтірілді.
Жыл басынан бері атаулы күндерге сәйкес (8-наурыз – Халықаралық әйелдер күні, 22-наурыз – Наурыз мейрамы, Конституция күні, Республика күні, Тәуелсіздік күні және т.б.) 2023 жылы жобамен 50 баннер ілінді.
Сыртқы жарнамада мемлекеттік бағдарламаларға басымдық беріледі. Баннерлер қажетілікке және атаулы күндерге сәйкес жаңартылды. Сыртқы жарнама нысандары бойынша қалада 21 билборд, 42 баннер, 4-тартпа, 4 скроллер құрылымдары орнатылған.
«Қазақстан халқының рухани, қоғамдық және ұлтаралық келісім орталығы» КММ
2023 жылға барлық іс-шараларға жалпы сомасы 95,8 млн. теңге бөлінді.
2023 жылдың 26 ақпан айында «Любавушка» орыс ЭМБ және Т.Шевченко атындағы украин ЭМБ ұйымдастыруымен шығыс славяндарының қыс пен көктем арасындағы шекара мерекесі «Масленица» атап өтілді. Масленицаға қаламыздың әр жастағы тұрғындарынан 78 адам қатысты. Түрлі ойындар ойнатылып, сыйлықтар таратылды, сонымен қатар ән шырқалып, би биленді.
1 наурыз Алғыс айту күніне орай Достық үйінде қала әкімінің қатысуымен этномәдени бірлестік өкілдерімен кездесу өткізілді. Кездесуге қатысқан ЭМБ өкілдері қазақша ән айтып, күмбірлеген күй тартып, сызылтып би биледі. Белсенді ЭМБ өкілдері әкімнің атынан алғыс хатқа және сыйлыққа ие болды.
1 наурыз Алғыс айту күні Меценаттар клубының мүшелері 5 аз қамтылған, көпбалалы отбасыларына азық – түліктен себет апарды.
Алғыс айту күніне орай ЭМБ өкілдері 23 ақпаннан бастап 1 наурызға дейін мемлекеттік тілде әлеуметтік желілерге өздерінің құттықтауларын жеткізді.
«Дуслык» татар – башқұрт этномәдени бірлестіктерінің өкілдері 3 жалғыз басты қарттарға және «Любавушка» этномәдени бірлестіктерінің өкілдері 4 жалғызбасты қарттарға азық – түлік себетін таратты.
22 Наурыз мерекесіне орай 20 наурыз күні қаламыздағы «Бақдәулет» мейрамханасында ерекше күтімді қажет ететін балаларға қайырымдылық іс шарасы өтті, іс шараға Меценаттар клубының мүшелері және қаламыздағы еріктілер ат салысты. Қайырымдылық іс шарасында «Тұсау кесер» салт дәстүрі көрсетілді, ұлттық ойындар ойнатылды, балаларға арналған әндер шырқалды. Соңында балалаларға базарлық таратылды.
22 Наурыз күні орталық алаңда ЭМБ өкілдері өздерінің ұлттық тағамдарын таратты, Достық үйінің вокал және би үйірмесінің қатысушылары өз өнерлерін көрсетті. Балаларға ұлттық нақыштағы кәдесыйлар таратылды.
Сәуір айында «Қазақ тілін үйренеміз» атты үйірме жетекшісінің ұйымдастыруымен «Полиглот» зияткерлік ойыны ұйымдастырылды. Ойынға қаламыздағы колледж студенттері қатысты.
Психологтардың ұйымдастыруымен «Бақыт ұясы» жобасы аясында «Бақытты отбасы деген не?» атты семинар – трненинг жүргізілді, семинарға көп балалы, аз қамтылғын, қолайсыз отбасыларының мүшелері қатысты.
Сәуір айында «Қоғамдық келісім» КММ басшысының қатысуымен Аналар кеңесінің кезектен тыс отырысы өтті. Отырыста қазіргі қоғамда кеңінен орын алып жатқан әскер қатарында жүрген сарбаздардың өлімі, жастардың ажырасу жайлы т.б. мәселелер қаралды.
7 мамыр - Отан қорғаушы күніне орай «Жас ұлан» әскери патриоттық сайыс өткізілді, сайысқа колледж студенттері қатысты. Бұл іс шараның мақсаты жастарды Отан сүйгіштікке, патриоттық сезімдерге тәрбиелеу.
15 мамыр - Халықаралық отбасы күніне орай Аналар кеңесінің ұйымдастыруымен «Отбасы ағашын отырғыз» республикалық акциясына бірнеше отбасы қатысып 14 түп тал ағашы отырғызылды.
«Бақыт ұясы» отбасы институтын қолдау жобасының және Аналар кеңесінің ұйымдастырумен қаламыздағы АХАТта отасқандарына 40, 45, 50 жыл толған мерейлі отбасыларын құттықтау рәсімі өткізілді.
Маусым, шілде, тамыз айларында «Достық мекені» атты мектеп оқушыларына арналған жазғы лагерь ұйымдастырылды.
31 мамыр – қуғын сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай өткен тарихымызды ұмытпай, болашағымыз үшін күрескен ата – баба рухына тағзым ету мақсатында «Қазақстан нәубет жылдарында» атты тарихи танымдық конференция өтті. Конференцияға мектеп тарих пәнінің мұғалімдері, қаламыздағы Архив бөлімінен мамандары, колледж студенттері қатысты.
Рәміздер күніне орай Достық үйінің қызметкерлерінің «Менің рәмізім- менің мақтанышым» атты челлендж өткізілді.
Әкелер күнінің белгіленуіне байланысты «Бақыт ұясы» отбасы институтын қолдау жобасының ұйымдастыруымен қаламыздағы әкелер кеңесі, Аналар кеңесі және этномәдени бірлестік өкілдерінің қатысуымен «Әкеге құрмет – балаға міндет» атты дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелде отбасындағы әкенің рөлі, ер баланың тәрбиесі, отбасы құндылығы жайлы әңгіме өрбіді.
Маусым айында Аналар кеңесінің жас буындарының ұйымдастыруымен қаламыздағы жалпы білім беретін №5 мектептің оқушыларымен отбасындағы әкелерінен көргендерін, алған үлгілері жайлы әңгіме қозғалды.
Домбыра күніне орай «Қазақ тілін үйренеміз» атты үйірме жетекшісінің және «Домбыра» үйірмесінің жетекшісінің ұйымдастырумен «Үкілі домбыра» атты музыкалық кеш өткізілді. Кешке Домбыра үйірмесінің қатысушылары домбыра жайлы, үйірмеде үйренген ән- жырларымен, күйлерімен бөлісті.
Тамыз айында Қазақстан халқы Ассамблеясы медиация кабинетінің Ашық есік күні» атты өтті және «Медиация – жанжалдарды шешудің өзара тиімді тәсілі» атты дөңгелек үстелі өтті.
Тамызда «Бейбітшілік маңызды» атты жастар арасында интеллектуалды батл ұйымдастырылды. Батлға қаламыздың жастары қатысты.
Тамыз айында Славян халық күнтізбесі бойынша табиғат құбылысына байланысты «Любавушка» ОЭМБ және Т.Шевченко атындағы УЭМБ өкілдерінің ұйымдастыруымен «Яблочный спас» мерекесі атап өтілді.
Татар – башқұрт халықтарының ұлы мерекелерінің бірі «Сабантуй» мейрамы атап өтілді.
30 тамыз – Конституция күніне арналған «Қазақстан Республикасының Конституциясы – Тәуелсіздік кепілі» атты дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелге ЭМБ өкілдері, медиаторлар, полиция бөлімінің, Достық үйінің қызметкерлері қатысты.
5 қыркүйек – Қазақстан халықтарының тілдер күніне орай әр ұлттың құттықтау челленджі және «Қазақ тілін үйренеміз» атты үйірменің ұйымдастырумен құттықтау бейнеролигі жүрді.
С.Сейфуллин атындағы гимназиясында «Дуслык» татар – башқұрт ЭМБ төрағасының орынбасарының ұйымдастыруымен іс шара өтті.
Аналар кеңесінің мүшелерінің ұйымдастыруымен «Ел ұйытқысы – ене мен келін» атты дөңгелек үстел өтті. Аға буын – әжелер, орта буын – аналар, жас буын келіндер арасында отбасының құндылығы, ене мен келін арасындағы сыйластық, бала тәрбиесі жайлы әңгіме қозғалды.
10 қыркүйек – Қазақстандағы отбасы күніне орай «Әкем, анам және мен» атты спорттық эстафета өтті. Эстафетаға 6 отбасы қатысты.
Қыркүйек айында Ш.Ділдебаев атындағы Кеншілер сарайында тәлімгерлер мен қайрымдылық клубының ұйымдастыруымен «Мейірім шуағы» атты қайырымдылық іс шарасы өтті. Іс шарада мұқтаж жандарға пәтер кілті және ұялы телефон, планшет, 50 мыңнан сертификат табысталды.
«Шаңырақ» жобасы аясында «Жасай бер Сәтбаев!» атты жастармен квест ойыны өтті. Ойын арқылы жастарымызға қаламыздың тарихын, даму жолдарын түсіндіру.
«Шаңырақ» жобасы аясында «Жас көшбасшы - 2023» байқауының марапаты өтті. Бұл байқауға 12 үміткер қатысты, үздік педагог, үздік полицей, үздік өндірісші, үздік құтқарушы, үздік дәрігер сияқты 5 үздік номинациялар берілді.
«Туған жер» жобасы бойынша еліміздегі тарихи, киелі жерлерді таныстыру үрдісі бойынша ЭМБ өкілдерінің, Аналар кеңесінің мүшелері, меценат және жастар клубының мүшелері Ұлытау ауданына барып тарихи жерлерге тоқталып және «Ұлытау тарихи – қорық» музейін аралады.
Қазан айында Рухани келісім күніне орай ЭМБ өкілдерінің құттықтау челленджі өтті. Қаламыздағы дін өкілдері және колледж студенттерімен бірлескен дөңгелек үстел өтті.
25 қазан – Республика күніне орай ЭМБ өкілдерінің құттықтау челленджі өтті.
«Шаңырақ» жобасы бойынша психологтың қатысуымен «Өміріміздегі этикет» атты «Комильфо кеші» өтті, кешке қаламыздың жастары қатысып, психологқа өздерін толғандырған сұрақтарына жауап алды.
«Шаңырақ» жобасы бойынша жастардың депутатпен кездесуі өтті. Кездесуде жастар өзіне қажетті мотивация алып, қызықтырған сұрақтарына жауап алды.
Белсенді өмір сүру салты бойынша егде жастағылармен психолог «Типоблогер» атты іс шара өткізді. Іс шараға зейнеткерлер әлеуметтік желі бойынша қызықты тақырыптарды қозғап, әлеуметтік желінің қыр-сырымен танысты.
Қаламыздағы №3,16 мектептерге барып «Бір әкенің тәрбиесін жүз мектеп те бере алмайды» атты кездесу өтті. Кездесуге ақсақалдар алақсынан, әкелер кеңесінен, аналар мүшелері қатысып, оқушылармен әке жайлы тәрбие өрбітіп қайтты.
Белсенді өмір сүру салты бойынша «Көңілді старт» атты эстафета ойыны өтті. Ойынға белсенді өмір сүру орталығының мүшелері қатысып, тартысты ойын өтті.
Аналар кеңесі мүшелерінің ұйымдастыруымен №9 мектепте «Қызым үйде, қылығы түзде атты» дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелге оқушы қыз балалар қатысты.
«Сәтбаев қаласының дін сұрақтары бойынша ақпарат және кеңес беру орталығы» КММ
Сәтбаев қаласында діни экстремизм мен терроризмның алдын алу бойынша шаралар әлеуметтік тапсырыс арқылы жүзеге асырлады. Жыл басынан бастап бұл салада «Ан-Ниса 2020» қоғамдық бірлестігі және біздің орталық пен бірлесіп жұмыс жасайды.
Сәтбаев қаласының аумағында 11 діни бірлестік қызмет атқарады. Оның ішінде: ислам – 2, православие – 1, католик – 1, протестантизм – 7(2 тіркелмеген). Қаламызда діни көзқарастарына байланысты тіркеуден бас тартып отырған 2 бірлестік жұмыс жасайды. Олар: «Совет церквей ЕХБ» және «Христиане вера евангельской общины». Қантар айында тіркелмеген 2 діни бірлестіктермен мемлекеттік тіркелу жайында түсіндірме жұмыстары өтті.
Мекемеде ақпараттық түсіндіру жұмыс тобының және медиа-жоспарға сәйкес әлеуметтік желі және жергілікті бұқаралық ақпараттық құралдар арқылы, аналитикалық интернет картасы бағдарламасымен, (Контрпропаганда діни экстремизм мен лаңкестікке қарсы насихат) халықтың діни экстремизм мен терроризмге қарсы иммунитетін қалыптастыратын өзекті де маңызды жұмыстар жүргізіліп отыр. Қаңтар мен қараша айлар аралығында 132 іс-шара өтті, оған 6617 адам қамтылды. Оның ішінде: 32-тікелей эфир, 30 – акция, 70 - офлайн кездесулер.
Жыл басынан бастап келісілген жоспар бойынша 11 айдың ішінде қаламыздағы жалпы білім беру мекемелері және қала колледждері мен кәсіпорындарда ақпараттық түсіндіру жұмыс тобы құрамының мүшелері әкімшілікпен тақырыптық түсіндірме жұмыстарын ұйымдастырды.
Білім беретін мекемелерге өткізілетін түсіндірме жұмысының мақсаты: Оқушылардың толеранттық сана сезімін қалыптастыру, ұлттық құндылықты бағалай білу және зайырлы мемлекет пен діни мемлекеттің айырмасын ажырату, дін сауатын арттыру және діни экстремизмнің алдын алу болып табылады.
Жыл басынан осы күнге дейін 13 жалпы білім беретін мектептермен 3 арнаулы мамандандырылған колледж оқушылары қамтылды.
Түсіндірме жұмысы үш тақырыпта жүргізіледі: «Ұлттық құндылық», «Зайырлы мемлекет», «Экстремизм-терроризм». Мектеп оқушылары мен студенттер арасында түсіндірме жұмыстарымен қатар қызықты конкурс, викторина және пікір сайыстар өткізілді. Оқушыларға қаламыздың
маслихат депутаттарымен және аналар кеңесі мүшелерімен кездесулер ұйымдастырылды. 2300 оқушылар қамтылды.
Кәсіпорындарда өткізілетін түсіндірме жұмыстарының мақсаты: Қала аумағында діни экстремизм және терроризмге қарсы әрекет жөніндегі шаралар өткізу:
Мамыр айынан бастап жыл аяғына дейін бірнеше кәсіп орын қамтылды. Оның ішінде: Электр желілері кәсіп орны «Kazakhmys Distribution» ЖШС, Жыланды кенті кеншілері, Шығыс Жезқазған Кеніші «Анненск» - 650 адам саны қамтылды
Аталған мекемелерде жұмысшыларға «Экстремизм мен терроризмнің алдын алу» тақырыбында ақпараттық түсіндіру жұмысы тобының теологтары түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, презентация мен видео роликтер көрсетілді. Сонымен қатар жұмысшылар тарапынан көкейде жүрген сұрақтарын теологтарға қойып, нақты жауаптарын алды.
Осы жүргізілген іс -шаралардың нәтижесінде қала тұрғындары арасында кейбір адамдардың дін туралы түсіктерінің дұрыс бағытта емес екенін анықтадық.
Ұлытау облысының дін істер басқармасының шақыртуымен Сәтбаев қаласына Қазақстанға белгілі бас имамдар мен Республикалық Ақпараттық түсіндіру тобының мүшелері, теологтар дәстүрлі және ислам дінінің құндылықтарын насихаттау мақсатында ҚР Бас мүфтиі Өтпенов Наурызбай қажы Тағанұлы, Мұсылмандар діни басқармасының ұстазы Нұрсұлтан Рысмағанбетұлы, Астана қалалық «Ырыскелді» мешітінің бас имамы Нұрлан Асанов, тағы сол сияқты дінтанушылар жыл бойы іс-сапармен келіп насихат жұмысын жүргізді.
Медия жоспар бойынша жергілікті бұқаралық ақпараттық құралдарға айына 3 мақала және 2 айда бір рет 1 сұхбат жарияланып отыр. Ағымдағы жылда «Ақшам» телеарнасында 6 сұхбат «Шарайна», «Аймақ ақшамы» газеттеріне 30 мақала жарияланды. Басылымның авторлары имамдар, теологтар және АТТ мүшелері.
Сонымен қатар, ютуб, инстаграм және тикток «Satpayevkonfess» атты парақшаларында 5 подкаст және 18 қысқа бейнероликтер жарияланды.
Аналитикалық интернет карта бағдарламасы арқылы әлеуметтік желіде тұрақты түрде дін орталығының мамандары мониторинг жүргізіп отыр. Мамыр айының жаңартуы бойынша 3200-адам саны анықталды. Жылдың аяғында -1999 түсті.
Қосымша біздін мамандар контрпропаганда арқылы деструктивті дін ағымдарына қарсы публикациялар шығарады. Соның ішінде осы күнге дейін 90 видео, 16 публикация, 33 инфографика жарияланған.
Қазіргі уақытта Ақпараттық түсіндіру жұмысы тобының құрамы өзгертілді. Жаңа құрамда: Мекеме басшылары, қала мешіттерінің наиб имамдары және теологта қамтылды, арнайы жұмыс жоспары жасалынды, жоспар бойынша 40 офлайн кездесулер мен тікелей эфирлер өткізілді.
Жыл бойы атаулы мерекелерге байланысты діни бірлестік басшылары мен жамағат арасында спорттық және ауқымды іс-шаралар ұйымдастырылды. Атап айтсақ: үстел теннисі, футболдан, волеболдан жарыс – 282 адам қамтылды.
18-қазан Рухани келісім күнінне арнайы Діни бірлестігінің басшыларына арналған мерекелік іс-шара, концерттік бағдарлама, мерекелік дастархан жасалды. Діни бірлестіктер өздері дайындаған бағдарламасын ұсынды. Мекеме тарапынан келген қонақтарға алғыс хат пен бағалы сыйлықтар берілді.
Ағымдағы жылы діни бағыттағы кітапхана ашылып, қазіргі таңда дін жолында жүрген азаматтарымыз кітапханамызға келіп, оқырман саны артуда. Кітапхана ашудағы мақсатымыз - азаматтардың толеранттық сана сезімін қалыптастыру, қала тұрғындарының діни сауатын арттыру және діни экстремизмнің алдын-алу болып табылады. Кітапхана қорында қазіргі таңда бір қатар ауыз толтырып айтарлықтай жаңа кітаптарымыз бар.
Жамағат балаларына арналған ұлттық құндылық бағытында орталығымызда «Ұлттық құндылық» эстетикалық тәрбие орталығы мен ағылшын үйірмесі жұмыс жасайды. Қамтылған балалар саны -35.
«Сәтбаев қаласының Білім бөлімі» ММ-мен келісе отырып орта білім беру мекемелерінде оқушылардың ата-аналарымен кездесу өткізді. Кездесу тақырыбы «Діни атрибутикалы киімдер мәселесі» туралы үш кездесу өткізілді: «№25 ЖББМ, №15 Әлкей Марғұлан атындағы орта мектебінде, №9 ЖББМ.
2024 жылға жоспарланып отырған іс-шаралар: ағымдағы жылда өткен іс-шаралармен қоса алғанда төменде көрсетілгендей ауқымды іс-шаралар өтеді. Оның ішінде Ақпараттық түсіндіру жұмыстары тобының - 144 кездесуі, 6- спорттық іс-шаралар, бір жылда екі рет АТТ мүшелеріне арналған семинар тренинг, жылына 4- рет мектеп оқушылары арасында қызықты сайыстар жоспарланып отыр.
- Радикалды діни иммунитетті қалыптастыру, тұрғындарды деструктивті және дәстүрлі емес ағымдар мен діни экстремизм идеяларының ықпалынан қорғау мақсатында мүмкін болса, танымал блогерлердің инстграм парақшаларынан немесе әлеуметтік желілердегі танымал адамдардан кем дегенде 1 тікелей эфир жүргізуін жоспарлау (мүмкіндігінше);
- офлайн кездесу (мүмкін дөңгелек үстел, семинар, тренинг, кездесу және т.б. форматында) айына кемінде 5 офлайн кездесу;
Қаңтар-мамыр және қыркүйек-желтоқсан айларында оқу кезеңінде 13 орта мектеп пен 3 колледжде жоғары сынып оқушыларымен кездесу өтуі керек. Оқушылар арасында тақырыптық сайыстар, викториналар, ашық сабақтар өткізу жоспарланып отыр.
- Жалпы профилактикалық жұмыстарды жүргізу үшін республикалық АТТ мүшесінің сапарын ұйымдастыру және өткізу. Жылына 4-рет.
- Республикалық АТТ мүшесінің қатысуымен немесе, белгілі мамандардың қатысуымен жоғары сынып оқушыларымен топтық кездесулер ұйымдастыру. Барлығы 6 кездесу (оның 2-і ата-аналармен) өткізіледі. Мектеп оқушылары арасында профилактикалық нәтиже көрсете алатын маманның келуін ұйымдастыру.
- Қала тұрғындарының арасында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бойынша байқау ұйымдастыру.
- Қажет болған жағдайда пробациялық бақылаудағы адамдардан деструктивті идеологияның алдын алу бойынша топтық кездесулер ұйымдастыру.
- Интернет желісінде діни экстремизмнің алдын алу бойынша ақпараттан тұратын 800 кітапша шығару және тарату.
- «Жастар діни экстремизмге қарсы!» атты жастар арасында акция өткізу.
«Сәтбаев қаласының жастар ресурстық орталығы» КММ
Сәтбаев қаласы жастарының саны 18 297 адамды құрайды. Жас санаты бойынша ең үлкен бөлігі 18-бен 35 жасқа дейін, бұл жастардың жалпы санының 26% құрайды. Оқушылар – 9853, жұмыс істейтіндер – 8301, мүгедектер – 23, жастар бағдарламасы – 66, қоғамдық жұмыскерлер – 54.
Жастар ресурстық орталығының жылдық жұмыс жоспарына байланысты 2023 жылы 9 млн тг қаражат бөлінді.
2023 жылдың қыркүйек айында Жұмыспен қамту орталығымен бірлесе отырып бос орындар жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңкеге жастар арасында 53 жұмыссыз жастар қатысып, 235 –ке жуық жұмыс орындар көрсетілді. Бос орындар жәрмеңкесі бойынша жастар арасында 34 жастар жұмыспен орналасырылды. Барлығы -200 000 теңге қаражат жұмсалды.
Жалынды жастар коворкинг орталығында 5 жастар клубы жұмыс атқарылды. Жас «Кәсіпкерлер клубы», «Дебатный клуб», «12 кітап». Қазіргі таңда жастар арасында 280-ге жуық жастар осы 3 клуб аясында жұмыс атқаруда.
Салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша «қолжетімді спорт» және «Fitness Park» жобасы
Сәтбаев қаласы спорт кешенінің футбол аланыңда жастар арасында жемқорлыққа қарсы және жастарды спорттқа баулу мақсатында «Аула жұлдыздары-2023» атты турниріміз болды. Бұл турнирге Ұлытау облысының және басқа облыстардан келген жастардаң – 15 құрама келді, әр құрамада 8 ойыншыдан жалпы 112 жастар қатысты.
Іс-шараға Сәтбаев қаласының әкімі Әубәкір Шапағат Момынбайұлы және футбол мамандары мен төреші, 15 команда Ақтөбе, Намыс, Моналит, Жасыл ел, Сарыарқа, Бірлік, Тәуекел, 91, Жастар, Турист, Satbaev City, АДС, Қарсақпай, Рух-18қатысты. І орын-Сарыарқа командасы, ІІ орын –Намыс командасы, ІІІ орын-Қарсақпай командасы марапатталып грамота, естелік сыйлықтар табысталды.
Сәтбаев қаласы Денсаулық колледжінің акт залында жастар ресурстық орталығының психолгы жастар арасында «Өмір бәрінен қымбат» атты суицидттың алдын алу мақсатында медициналық колледжінің студенттер арасында тренинг өткізілді. Тренингке белсенді қатысқан студенттерге тренинг сонында алғыс хаттар табысталды.
Жалынды жастар коворкинг залында бөлім мамандары Боранбаев А.А және Мамырбекова А.Ж еріктілер арасында «Темекі Нашақорлық Маскүнемдік-адамзаттық хас жауы» «Спорт біздің өміріміз» атты тимбилдинг өтті. Бөлім мамандар жастарға салауатты өмір салтын ұстану керектігін айттып әр түрлі парақшалар таратылды.
2023 жылы Жастар ресурстық ортылығының ұйымдастырумен жылдық жұмыс жоспарына сәйкес Футбол, волейбол, баскетбол және street workout сайысы Аула спорт алаңдары базасында балалармен және жастармен спорттық іс-шара және Өмір ең қымбат суицидтің алдын алу бойынша психолгиялық тренинг, «Темекі. Нашақорлық Алкоголизм-адамзат баласының жауы» Тимбилдинг Спорт біздің өміріміз.
Сәтбаев қаласының полицейлері жастар ресурстық орталығы еріктілермен бірігіп «Нашақорлыққа қарсы күрес» акциясы өткізілді. Акция аясында қала аумақтарында бірқатар нашақорлыққа үгіттеуге арналған белгілер арнайы бояумен өшірілді. Мұндай іс-шараға біздің ерікті жастардан 20 бала жұмылдырылды. Барлығы 3.000.000 тг қаражат жұмсалды.
«Барыс» әскери-патриоттық тәрбиеге бағытталған жоба аясында Сәтбаев қаласы жастар ресурстық орталығы мен «Нұрпарасат» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастырумен 31 мамыр саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай «Степлаг» саяси тұтқындарды ұстаған жерге Сәтбаев қаласының колледж студенттерімен мектеп оқушыларына экскурсия жүргізілді. Барлығы - 60 адам қатысты. Барлығы 200 000 тг қаражат жұмсалды.
Жеңіс күніне арналған «Жас Ұлан – 2023» оқушылар арасында патриоттық әндер байқауы өтті. Байқауға мектеп оқушыларымен «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының белсенді оқушылары қатысты. Қатысушылар саны-70. Барлығы 200 000 тг қаражат жұмсалды.
Сәтбаев қаласының аумағында полиция бөлімшесінің қатысуымен «Алаяқтарға жол жоқ» атты жедел профилақтикалық іс-шара өткізілді. Бұл іс-шараға 15 жасөспірім қатысты. Іс-шара барысында халыққа түсіндірме қағаздары таратылды. Ұлытау облысы қоғамдық даму басқармасының ұйымдастыруымен «ULYTAU GO» жастар лагерінің жұмысы атқарылды. Бұл 3 күндік жастар лагерінде түрлі тренингтер мен семинарлар ,мәдени-сауықтық бағдарламалар ұсынылды, біздің қаламыздан бұл лагерьге 10 жас қатысты. Жалпы сомасы 1,6 млн теңге.
Жастар ресурстық орталығында Жасыл ел еңбек жасақтарына 16 мен 29 жас аралығында жастар жұмысқа орналасты. Жасыл ел еңбек жасақтары бойынша 110 жұмыс орны жастарға бөлінді. Жастар І айда-34, ІІ айда-44, ІІІ айда-32 жастар жұмыс атқарды. Жасыл ел еңбек жасақтары бойынша ащылу саллтанаты рәсімі жұмысшы жастарға экипировка (Жасыл ел эмблемасы бейнеленге бас киім, футболка, свитер, шалбар, сөмке) табысталды. Жалпы сомасы 15 млн теңге.
Сәтбаев қаласының жастар ресурстық ортылығы мен «Нұрпарасат» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастырумен «Кәне, сайысайық» атты Денсаулық медициналық колледжі, Қазақмыс Корпарациясы технологиялық колледжі және Сәтбаев индустриялдық колледжінің студенттер арасында кулинарлық тимбилдинг сайысы өтті. Сайысқа -80 жуық студденттер қатысып өз өнерін көрсетті. Сайыс соңында жастарға мадақатамаларымен естелік сыйлықтар табысталды. Барлығы 250 мың тг қаражат жұмсалды.
Сәтбаев қаласының жастар ресурстық ортылығы мен «Нұрпарасат» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастырумен «Әскери міндеттілер күніне орай жастар арасында әскери жастармен мектеп ұстаздар арасында байқау өткізілді. Байқауға әскери қызметте жұмыс атқаратын жастар қатысып бағалы сыйлықтармен сертификаттар табысталды. Барлығы 150 мың тг қаражат жұмсалды.
Сәтбаев қаласы жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен желтоқсан айында «Жастар жұмысшылар слетты» атты ауқымды іс-шараға жұмыс атқарылуда. Барлығы 6 млн тг қаражат жұмсалады.
2024 жылға жоспарланған жаңа жобаларды және олардың қаржыландыру көзін көрсету.
2024 жылы жобалар қатарына жергілікті бюджет есебінен ұйымдастырылатын 40 іс-шара (107 млн теңге) үкіметтік емес ұйымдар арқылы жүзеге асырылады. Атап кетсек, әкім гранты (35 млн теңге), «Шипагер» премиясы (5,5 млн теңге), әлеуметтік видеороликтер дайындау (5 млн теңге), пікір-сайыс турнирі (4,5 млн теңге), «Алтын Ұлар» премиясы (4 млн теңге), «Мерейлі отбасы» конкурсы (3,5 млн теңге), «Іскер әйелдер» жобасы (3 млн теңге), Қ.И. Сатпаевтың 125 жылдығына орай іс-шаралар (3 млн теңге), «Еңбек күні» іс-шарасы (3 млн теңге) және т.б. ұлттық, мерекелік, кәсіби күндерге орай ұйымдастыралытын іс-шаралар қарастырылған.