"Сәтбаев қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің негізгі функциялары мен міндеттері жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру болып табылады.
Бөлім жұмыссыз азаматтарды жұмыспен қамтуға жәрдемдесу, халықтың аз қамтылған, әлеуметтік осал топтарына әлеуметтік көмек көрсету, мүгедектігі бар адамдарға көмек көрсету бойынша жұмыс жүргізуде.
Халықты жұмыспен қамту мәселелері бойынша:
2024 жылдың 1 қаңтарында жұмыспен қамту мәселелері бойынша барлығы 2302 адам жүгінді, оның ішінде:
- тұрақты жұмыс орындарына - 1592 адам орналастырылды.
- әлеуметтік жұмыс орындарына - 28 адам жіберілді;
- жастар тәжірбиесі - 67 адам жіберілді;
- қоғамдық жұмыстарға - 258 адам жіберілді;
- алғашқы жұмыс орнына - 47 адам;
- ұрпақтар келісім шарты -4 адам;
- күміс жас жобасы бойынша 131 адам тұрғызылды.
Жаңа бизнес-идеяларды іске асырып, өісін ашуға 15 адамға мемлекеттік қайтарымсыз 400 АЕК көлемінде грант берілді.
Мүгедектігі бар тұлғалар бойынша:
Сәтбаев қаласында 4480 мүгедектігі бар адамдар тұрады, оның ішінде 1 топ мүгедегі- 298, 2 топ мүгедегі – 1500, 3 топ мүгедегі- 2379 және бала жастан мүгедек балалар саны- 303 адам.
Жалғызбасты қарттар мен мүгедектігі бар азаматтарға, мүгедектігі бар балаларға үйде әлеуметтік қызмет көрсету бойынша 3 бөлімшесі жұмыс істейді, онда 159 жалғызбасты қарттар мен мүгедектерге және 60 мүмкіндігі шектеулі балаларға қызмет көрсетіледі.
Бүгінгі таңда ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған күндізгі орталығы жұмыс істейді. Бұл орталық мүгедек балаларға арналған. Балалар орталықта, толық күн, онда олар үшін тамақтану және күндізгі ұйқы ұйымдастырылады.
1,2 және 3 топтағы мүгедектігі бар азаматтар, мүгедектігі бар балалар, тыл еңбеккерлері, ҰОС ардагерлері және оларға теңестірілген адамдар, ең төменгі зейнетақы мөлшерін алатын зейнеткерлер, көп балалы аналар қалаішілік қоғамдық көліктерде жеңілдікпен жол жүру билеттерін пайдаланады.
Жүріп тұруы қиын кресло арбалармен жүретін 1 топтағы мүгедектігі бар азаматтарға тұрғылықты жерінен межелі пунктіне дейін және кері тасымалдау үшін: жұмысқа, оқу орындарына, жергілікті өкілді және атқарушы органдарға, Әлеуметтік сала объектілеріне, медициналық мекемелерге инватакси қызметі жұмыс жасайды. Барлығы 20 адам қызметпен қамтамасыз етіледі.
Аз қамтылған және көп балалы отбасыларға әлеуметтік көмек мәселелері бойынша:
2023 жылы басынан атаулы әлеуметтік көмек 94 отбасыға тағайындалды (372 адам), соның ішінде 22 көпбалалы отбасы;
- 1 жастан 6 жасқа дейінгі атаулы әлеуметтік көмек алушылардың балалары бар 33 отбасыға қосымша ай сайынғы төлем жасалды.
– тұрғын үй көмегі - 47 аз қамтылған отбасыға тағайындалды (62 адам);
8 наурыз Халықаралық әйелдер күні қарсаңында 2200 көп балалы аналарға әрқайсына 10000 теңге сомасында, жалпы сомасы 22 млн. теңге құрайтын біржолғы материалдық көмек көрсетілді.
Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 78 жылдығына орай жергілікті бюджеттен ҰОС қатысушыларына, ауған жауынгерлеріне, ЧАЭС қатысушыларына, тыл еңбеккерлеріне, бұрынғы кәмелетке толмаған концлагерь тұтқындарына, қайтыс болған ардагерледің әйелдеріне және Кеңес Армиясының мүгедектеріне біржолғы материалдық көмек көрсетілді. Барлығы 369 адам 24720,0 мың теңге сомаға.
Ақпан айында Ауған жауынгерлеріне және сәуір айында ЧАЭС қатысушыларына 104 адамға 15600,0 мың теңге сомасында біржолғы материалдық көмек төленді.
Қазан айының 2- ші жексенбісі мүгедектігі бар адамдар күніне орай, 1,2
топтағы мүгедектігі бар адамдарға, бала жастан мүгедектігі бар балаларға 10,0 мың теңге көлемінде 2126 адамға біржолғы жәрдемақы, жалпы 21260,0 мың теңге көлемінде төленді.
16 желтоқсан Тәуелсіздік күніне орай:
2272 көп балалы аналарға әрқайсына 10000 теңге сомасында, жалпы сомасы 22720,0 млн. теңге құрайтын біржолғы материалдық көмек көрсетілді.
1,2 топтағы мүгедектігі бар адамдарға, бала жастан мүгедектігі бар балаларға 10,0 мың теңге көлемінде 2236 адамға біржолғы жәрдемақы, жалпы 22360,0 мың теңге көлемінде төленді.
Ең төменгі мөлшерде зейнетақы алатын 2950 зейнеткерлерге 15000 теңге көлемінде, жалпы 44250,0 мың теңге көлемінде жәрдемақы төленді.
Халықтың аз қамтылған, әлеуметтік осал топтарына әлеуметтік көмек көрсетуге бағытталған жұмыс жалғастырылатын болады