Қаланың жергілікті мемлекеттік органдары мемлекеттік тізілімге енгізілген мемлекеттік қызметтердің 54 түрін көрсетеді. Есепті кезеңде барлығы 12101 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде баламалы негізде 219 қызмет, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ арқылы – 1889 қызмет, электрондық түрде – 9993 қызмет көрсетілді.
Қаланың мемлекеттік мекемелерінде азаматтарды қабылдау үшін жағдайлар жасалған, Egov.kz. «электрондық үкімет» порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді алуға практикалық көмек көрсету үшін өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары ашылған. Ақпараттық стендтер орналастырылды, «Aqsham» қалалық телеарнасында, Мәдениет сарайының алаңында LED-экранда, ХҚКО бөлімінде, қала әкімінің аппарат ғимаратында, қаланың жұмыспен қамту бөлімінде және бірқатар оқыту орындарында ақпараттық бейнероликтер көрсетілімі ұйымдастырылды. Мемлекеттік қызметтер мәселелері бойынша БАҚ-та және әлеуметтік желілерде 25 жарияланым орналастырылды, 800-ден астам брошюра таратылды. Әлеуметтік желілерде парақшалар ашылды, онда басшылардың тікелей эфирлері өткізіледі, өзекті ақпарат орналастырылады. «Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру» және «Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы заңнаманы зерделеу» мәселелері бойынша үш семинар-кеңес өткізілді, Халықпен 37 түсіндіру іс-шарасы өткізілді, «Aqsham» қалалық телеарнасында 4 «Елге қызмет» телебағдарламасы түсірілді және көрсетілді. 10 онлайн «Мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесі» өткізілді.
ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Ұлытау облысындағы филиалында есепті кезеңде – 16 адам оқыды, оның ішінде біліктілікті арттыру бойынша -11, қайта даярлау бойынша - 5.
Мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасы мен қолжетімділігін бақылауды жүзеге асыру мақсатында қала әкімінің өкімімен қаланың мемлекеттік мекемелерінде және олардың құрылымдық бөлімшелерінде 2023 жылға арналған ішкі бақылау жүргізу жөніндегі бақылау іс-шараларының жоспары бекітілді. Жоспарға сәйкес «Сәтбаев қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ, «Сәтбаев қаласының жұмыспен қамту орталығы "ММ, «Сәтбаев қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ, «Сәтбаев қаласының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ ішкі бақылау жүргізілді.
Қалалық Қоғамдық кеңес мүшелерімен бірлесіп үш мемлекеттік мекемеде мемлекеттік қызмет көрсету мониторингі жүргізілді және материалдар Қоғамдық кеңестің отырысында қаралды. Қала әкімінің мүмкіндігі шектеулі жандар мәселелері жөніндегі штаттан тыс кеңесшісімен бірлесіп, қаланың бес мекемесі мен ұйымдарында қоғамдық бақылау жүргізілді.
Жұмыстағы барлық мемлекеттік мекемелер заңдар мен заңға тәуелді актілердегі барлық өзгерістерді ескере отырып, қолданыстағы заңнаманы басшылыққа алады. Мемлекеттік қызмет көрсетудің барлық процестері бекітілген стандарттар мен ережелерге сәйкес жүзеге асырылады.
Есепті кезеңде мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерінің 9 бұзушылық анықталды. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзуға жол бергені үшін мамандарға тәртіптік жаза қолданылды.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шағымдар түскен жоқ.
Сәтбаев қаласының әкімі Ш. Әубәкір