Меню

Страницы

Статья

"Бизнестің жол картасы-2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы

 Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың(1,76Mb)

ИИДМБ-ға сәйкес өңдеуші өнеркәсіптегі басым секторлардың тізбесі(211,97kb)

«Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы Қазақстан Республикасы Президентінің «Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын және Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілген Қазақстанның 2020 жылға дейінгі жалпыұлттық даму жоспарын іске асыру үшін әзірленді.
Бағдарлама Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан - 2030» Стратегиясы» және «Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына жолдауларының мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған. Одан басқа, алдында келе жатқан кәсіпкерлікті қолдау және дамыту салалық бағдарламаларын біріктіру мақсатында.
Басқарманың мақсаты кәсіпкерліктің тұрақты және теңгерімділігінің өсуін, жаңа тұрақты жұмыс орындарын құру және әрекеттегілерді қолдау, кәсіпкерлікті қызметтің өсуіне жағдай құруын қамтамасыз ету болып табылады.
Бірыңғай бағдарлама 4 бағытты қарастырады:
1. Жаңа бизнес жобаларды қолдау.
2. Салалық қолдау.
3. Валюталық тәуелділікті төмендету.
4. Қаржылық емес қолдау шараларын ұсыну.
Бизнесті қолдау және дамытудың «Бизнестің жол картасы 2020» бірыңғай бағдарламасы аясында енді бастап келе жатқан және әрекеттегі кәсіпкерлерге де жан-жақты көмек көрсетіліп, қазақстандықтар арасында бизнес-бастаманы дамытуға қолайлы жағдайлар жасалатын болады.
Шағын және моноқалалардағы, яғни біздің қала осылар санына кіреді шағын және орта бизнестегілер үшін, одан басқа ауылдағы кәсіпкерлер үшін бұл бағыта салалық шектеулер жоқ.
Жаңа бизнес жобалар келесі құралдар арқылы іске асырылатын болады:
1) Кредит/лизинг келісім бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау. Субсидиялау көлемі- кредит/лизинг келісім бойынша сыйақы мөлшерлемесін 19 %-дан аспайтын, жылдық 10% құрайтын болады. Субсидиялау мерзімі 6 жылға дейін ұзарту мүмкіндігімен 3 жылды құрайды. Одан басқа, 18 айдан мерзіммен, субсидиялау арқылы несиелендіру жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарға айналым қаражатын толықтыруға бағытталған.
2) Бастауыш кәсіпкерлерге берілетін 20 млн.теңгеге дейінгі несиені кепілдендірудің көлемі - 85%-ға дейін артты. Әрекет етуші кәсіпкерлердің 180 млн.теңгеге дейінгі несиелерін кепілдендіру - 50% көлемінде болады;
3) Мемлекеттік грант ұсыну. Бір кәсіпкерге берілетін гранттың максималды сомасы- 3 млн.тенгеге дейін.
4) Шағын кәсіпкерлік субъектілерін микрокредит беру. Микрокредиттер ауылдық елді мекендерде, шағын қалалар мен моноқалаларда қызметін жүзеге асыратын шағын кәсіпкерлік субъектілеріне кейіннен кредит беріледі. Микрокредиттің ең көп сомасы бір қарыз алушыға 10 000 000 теңгеден аспайды. Соңғы қарыз алушы үшін микрокредит бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі 12%-дан аспауға тиіс. Кредит беру мерзімі - 5 жылдан аспайды.
5) Жеке микроқаржы ұйымдарының микрокредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау;
6) Микроқаржы ұйымдарының Банктер алдындағы кредиттеріне ішінара кепілдік беру.
Салалық қолдау.
Меншікті жобаларды іске асыратын және (немесе) іске асыруды жоспарлап отырған Кәсіпкерлер Бағдарламаның екінші бағытына қатысушылар болып табылады, экономиканың басым секторларында, және ИИДМБ-да айқындалған өңдеуші өнеркәсіптің басым салаларында.
Салалық қолдау келесі құралдар арқылы жүзеге асырылатын болады:
1) Кредит/лизинг келісім бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау. Басым салаларды субсидиялау көлемі сыйақы мөлшерлемесінен 19 %-дан аспайтын, жылдық 7 % құрайды. Қазастандық тауар өнімшілеріне субсидиялау көлемі сыйақы мөлшерлемесінен жылдық 10 % дейін жоғарылады;
2) Кредит бойынша жарлытай кепілдік беру. Басым салалар үшін берілетін кепілдік сомасының көлемі 360 млн.теңгеге дейінгі несиені кепілдендірудің көлемі - 50%-ға дейін артты. Әрекет етуші өндеуші өнеркәсіп үшін 1 млрд. 850 млн.теңгеге дейінгі несиелерін кепілдендіру - 20% көлемінде болады;
3) Өндірістік (индустриялдық) инфрақұрылымды дамыту. Жетіспейтін инфрақұрылымды жеткізу шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің объектісі аумағының шекарасына дейін жүзеге асырылады, бұл ретте кәсіпкер объектісі аумағының ішінде инфрақұрылымды жеткізуге қаражат бөлу көзделмейді. жобаға инвестицияның көлемі 400 млн. теңгеден кем болмайды. Инфрақұрылым құрылысының (реконструкция) бағасы 100 млн. теңгеден кем болмайды.
4) Индустриялдық аймақтары құру. Индустриялық аймақтың аумағында өндірістік мақсаттағы (өндірістік, қойма және әкімшілік үй-жайлар), әлеуметтік қызметтерді көрсету объектілері (қоғамдық тамақтандыру, қызметкерлердің біліктілігін арттыру, коммуналдық қызметтер көрсету орындары), банктік қызметтерді көрсету объектілері орналастырылады. етіспейтін инфрақұрылымды жеткізу мынадай критерийлерге сәйкес келетін индустриялық аймақтарды құру немесе дамыту жобалары үшін жүзеге асырылады: жобаға салынатын инвестициялар көлемі 10 млрд. теңгеден кем болмайды және инфрақұрылымды салу (реконструкциялау) құны 2 млрд. теңгеден кем болмайды.

Үшінші бағыт: кәсіпкерлердің валюталық тәуекелдерін төмендету
Осы бағыт экономиканың басым секторларында және өңдеуші өнеркәсіп салаларында жүзеге асыратын және Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне кәсіпкер өтінім берердің қатысты, банктердің/Даму банкінің/лизингтік компаниялардың қолданыстағы кредиттері/қаржылық лизинг шарттары бойынша номиналды сыйақы мөлшерлемесін ұлттық және шетелдік валютада субсидиялауды көздейді.
Сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау жүзеге асырылатын кредиттің/қаржылық лизинг шартының сомасы бір кәсіпкер үшін 4,5 млрд. теңгеден аспауға тиіс.

Төртінші бағыт: кәсіпкерлікті қолдаудың қаржылай емес шаралары.
Басты бағыт бойынша «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасымен асырылуда:
1) кәсіпкерлікті ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету;
2) кәсіпкерлердің құзыреттерін дамыту;
3) кәсіпкерлердің өнімділігін арттыру;
4) іскерлік байланыстарды кеңейту.

Дата публикации
04 мая 2020
Дата обновления
04 мая 2020
Тип

Сейчас читают

19 октября 2026
БҰҚАРАЛЫҚ АҚПАРАТ ҚҰРАЛДАРЫ МЕН ОНЛАЙН-ПЛАТФОРМА ПАЙДАЛАНУШЫЛАРЫНА АРНАЛҒАН САЙЛАУ АЛДЫНДАҒЫ ҮГІТ МАТЕРИАЛДАРЫН ОРНАЛАСТЫРУ ҚҰНЫ МЕН ШАРТТАРЫ ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТТЕРДІ ЖАРИЯЛАУ ЖӨНІНДЕГІ АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА
19 октября 2026
Округтік сайлау комиссияларына арналған оқыту іс-шаралары
Ақпарат
16 октября 2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы