Сәтбаев қаласының 2020 жылғы қаңтар-желтоқсан айларының әлеуметтік – экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері
Экономиканың нақты секторы
Өнеркәсіптік өндіріс көлемі 37736,6 млн. теңгені құрады, (2019 жыл -48053 38 888,3 млн. теңге). Айғақты көлем индексі 79%-ын құрады.
Индикаторға қол жеткізбеу өңдеу өнеркәсібінің АКИ деңгейінің төмендеуімен байланысты (67,9%), АКИ электрмен, газбен, бумен, ыстық сумен және шартты ауамен қамтамасыз ету (92,6%), сумен жабдықтау; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою жөніндегі іс-шаралар (96,7%).
Ауыл шаруашылығы
Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 1518,1 млн.теңгені құрады. (2019 жылғы -1127,1 млн.теңге). АКИ 100,6%.
Барлық мал және құс еттерінің өндірісі 9,7%-ға артты және 507,2 тонна, сүт 2,2% немесе 1811,3 тонна, жұмырқа – 6057,7 мың дана немесе 103,1%.
Жылқы саны 8,6%, құс 100%-ға өсті.
Негізгі капиталға инвестиция.
Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 32 416,2 млн. теңгені құрады. (2019 жылғы қаңтар-желтоқсан -24 775,7 млн. теңге). АКИ-125,5%.
Кәсіпкерлік
Шағын кәсіпорындардың саны 2693 бірлікті немесе 2019 жылдың сәйкес кезеңінің 102,3%-ын құрайды (2019 жылғы қаңтар-желтоқсан -2 633 бірлік)
Құрылыс
Құрылыс жұмыстарының көлемі 25 146,2 млн.теңгені құрады. (2019 жылғы -12 299 млн.теңгені құрады). АКИ 200,8%.
23144 шаршы метр тұрғын үй салу жоспарланып енгізілді, 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 118,7% (2019 жылғы қаңтар-желтоқсан 19 502 ш.м.).
Қаржылық көрсеткіштер
Қала бюджетінің кіріс бөлігіне түсімдер 4 485,2 млн. теңгені немесе 109,1%-ын құрайды.
Жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау.
Тіркелген жұмыссыздардың саны 138 адам (2019ж. – 116 адам).
2758 адам жұмыспен қамтылды немесе 99,6% (2019ж. -2769 адам).
Қоғамдық жұмыстарға 468 адам қатысты немесе 20%-ға төмендеді (2019 жылғы қаңтар-қазанда -590 адам). Жоспар бойынша 100%
Кәсіптік дайындыққа және оқуға 36 адам жіберілді немесе 2019 жылдың сәйкес кезеңінде 16,6%.
Кедейлік шегінен төмен аз қамтылғандар саны 258 адам.
Денсаулық сақтау
2020 жылғы бала туу көрсеткіші 1,5%-ға төмендеді (2019ж.– 22,15 промилле, 2020ж.– 21,85 промилле 1000 адамға шаққанда).
2020 жылғы өлім-жітім көрсеткіші 25,6%-ға өсті (2019ж. – 9,42 промилле, 2020ж. – 11,83 промилле 1000 адамға шаққанда).
2020 жылдың 12 айдың қорытындысы бойынша нәрестелер өлімінің көрсеткіші 25,8%-ға өсті (2019ж.–8,9 промилле, 2020ж. – 11,2 промилле 1000 адамға шаққанда).
Білім беру
Есепті кезеңде жалпы мектеп жасына дейінгі балалар (1-ден 6 жасқа дейін) саны 5550 немесе 2019 жылдың сәйкес кезеңінің120,8%-ын құрады.
Мектепке дейінгі біліммен қамтылған балалар саны 4771 немесе 2019 жылдың сәйкес кезеңінің 100%-ын құрайды.
2020 жылғы көрсеткіш бойынша мектептердегі оқушылар саны 11 631, компьютерлер саны 2 111 құрайды, 1 компьютерге есептегендегі оқушылар саны 5,5.
Қылмыс
2020 жылы тіркелген қылмыстар саны 482 немесе 108,5%-ын құрайды.
2020 жылы аса ауыр қылмыстық құқық бұзушылар 81,5%-ын құрайды.