Сәтбаев қаласы
қала әкімшілігінің кіші залы
2017 жылғы 10 наурыз
Қатысушылар: Қоғамдық кеңес мүшелері 9 адам (тізім бойынша), Жақсыбаев Б.Д. - қала әкімінің м.а., Төлендина А.К. – қала әкімінің орынбасары, Жайлаубаев Б.Ө. – ішкі саясат бөлімінің басшысы, Д.Ө.Мейірбек – ТКШ, ЖК, АЖ және тұрғын-үй инспекциясы бөлімінің басшысы, Бапов М.Т. – ауыл шаруашылық және кәсіпкерлік бөлімінің басшысы, Т.А.Айтжанов - сәулет және қала құрылысы бөлім басшысы, «НұрТрансСәт» ЖШС директоры Қ.М.Балмағанбетов, Игемберлина М.Б. - мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі басшысының м.а., аумақтық кеңестерінің өкілдері 6 адам (тізім бойынша) және БАҚ өкілдері.
КҮН ТӘРТІБІНДЕ:
1. Қала объектілерінің сыртқы безендірілуінің жай-күйі туралы. Баяндаушы: «Сәтбаев қаласының ішкі саясат бөлімі» ММ-нің басшысы Б.Ө.Жайлаубаев.
2.«НұрТранс Сәт»ЖШС –нің тұрғындарды және багажды тасымалдайтын қалалық маршруттарының тариф мөлшерін көтеру туралы қатынас хатын қарау. Баяндаушы: «НұрТранс Сәт» ЖШС директоры Қ.М.Балмағанбетов.
Кеңес төрағасы М.С.Мәдиева күн тәртібімен жиналысқа қатысушыларды таныстырды.
Бірінші сұрақ бойынша «Сәтбаев қаласының ішкі саясат бөлімі» ММ-нің басшысы Б.Ө.Жайлаубаев баяндама жасап, қаладағы объектілерінің сыртқы безендірілуінің жай-күйі, жыл бойы аталып өтілетін негізгі мерекелер мен атаулы күндер бойынша жасалатын түрлі формадағы безендірулер туралы баяндады. Сонымен қатар, қаланы безендіру бойынша бюджеттік бағдарламаның әкімшісі басқа мемлекеттік мекеме болғандықтан уақытылы безендіру мен өзгерту шараларын тиімді жүзеге асыруға кедерді туғызады. Бірінші сұрақты қарау мақсатында Қоғамдық кеңес мүшелерімен ұйымдастырылған рейдтің нәтижесі бойынша жасалған слайдтар көрсетіліп, анықталған кемістіктерді Кеңес төрағасы атап өтті. «Сәтбаев қаласының сәулет және қала құрылыс бөлімі» ММ-нің басшысы Т.А.Айтжанов, «Сәтбаев қаласының ТКШ, ЖК, АЖ және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ-нің басшысы Д.Ө.Мейірбек аталған сұрақ бойынша жасалған жұмыстар туралы айтты.
Сөз сөйлегендер: қоғамдық Кеңес мүшелері Бейсенбаев І.Б., 2017 жылы қаланың абаттандыру жұмыстарын қадағалауды күшейту қажеттілігін ұсынды. Жангаскинова Ш.С. қаладағы ескірген және тозған безендірулерді жаңарту қажеттігін, олардың құрылғыларының сыртқы келбетін дұрыстау туралы айтты. Мәдиева М.С., шағын және орта бизнес объектілерінің сыртқы безендіру мен жарнамалық маңдайшалары уақыты жаңартылмайтындығын және Қазақстан Республикасының тиісті заңнамаларына сәйкес келмейтінін айтты.
Екінші сұрақ бойынша Қ.М.Балмағамбетов қалалық маршруттарының тариф мөлшерін көтеру қажеттілігін және оған дәлелді негіздемесін ұсынды.
Сөз сөйлегендер: Қоғамдық кеңес мүшелері Бейсенбаев І.Б., Асатов Я.Ж. объективті себебтерге байланысты қазіргі кезде кәсіпорынның рентабльдік деңгейінің төмендігі мен ағымдағы тарифтің соңғы 6 жыл бойы өзгеріссіз сақталуына байланысты жол жүру құнын көтеру қажеттілігі туындап отыр. Алайда, мекеменің ұсынып отырған орташа тариф мөлшері (90 теңге) жоғары екені айтылып, оны төмендету мақсатында қажетті механизмдерді жүзеге асыру керектігі айтылды.
Аумақтық кеңес төрайымы Люцук Л.Н. аталған кәсіпорын мен ондағы жұмыс орындарын сақтап қалу үшін тарифті көтеру қажеттілігін атап өтті.
КЕҢЕС ШЕШІМІ:
1.1. Ішкі саясат бөлімінің басшысыБ.Ө.Жайлаубаевқа:
1.2. Ішкі саясат(Жайлаубаев Б.Ө.), сәулет және қала құрылысы (Айтжанов Т.Ә.), ауыл шаруашылық және кәсіпкерлік (Бапов М.Т.), мәдениет және тілдерді дамыту(Төлеш Қ.Ж.), ТКШ, ЖК, АЖ және тұрғын үй инспекциясы (Мейірбек Д.Ө.)бөлімдерінің басшыларына:
-Қаладағы ШОБ өкілдері, мекеме, кәсіпорын басшыларының қатысуымен сыртқы безендіру, өздеріне тиісті жарнамалық құрылғыларды күтіп ұстау сұрақтары бойынша жиналыс ұйымдастыру және осы жұмыстың сапалы атқарылуын қадағалау;
-Объектілердің әлеуметтік және жарнама-ақпараттық өнімдерін, маңдайшадағы жазуларын орналастыру кезінде «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» ҚР Заңының сақталуын қамтамасыз ету;
- Қалада орналасқан сыртқы безендіру құрылғыларының (скролерлар, электрондық маңдайшалар) жұмыс қалпына келтіру;
- «I love SATPAEV» жарықтандырылған жазбасы мен субұрқақтың тұрақты жұмысын қамтамасыз ету және қадағалау.
1.3. ІІБ-нің ЖПҚ бастығы Б.Қ.Аманжолға:
- Белгіленбегенжерде ілінген ақпараттық және жарнамалық бағыттағы материалдардың иелерін заң талаптарына сәйкес жауапкершілікке тарту жұмыстарын жүргізу. Сонымен қатар, аталған құқықбұзушылықтың алдын алуға бағытталған іс-шараларды жүргізу;
1.4. Қоғамдық Кеңес төрағасы М.С.Мәдиеваға:
- Қаладағысыртқы безендіру жұмыстарын ұйымдастыру тиімділігін арттыру мақсатында «Қаланы аббаттандыру» бюджеттік бағдарламаның сыртқы безендіру бағытын ішкі саясат бөліміне ауыстыруын қарастыру туралы хат жолдасын (қолдау көрсеткендер – 9, қарсы болғандар – 0, қалыс қалғандар – 0).
Сәтбаев қаласы
Қоғамдық кеңесінің төрағасы М.С. Мәдиева
Хатшы Д.Р. Тулегенов