Қаланың жергілікті мемлекеттік органдары мемлекеттік тізілімге енгізілген мемлекеттік қызметтердің 49 түрін көрсетеді. Есепті кезеңде барлығы 1 765 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде баламалы негізде 18 қызмет, "Азаматтарға арналған үкімет "мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ арқылы – 195 қызмет, электрондық түрде – 1 552 қызмет, оның ішінде "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы – 768 қызмет, "Е-лицензиялау " - 124 қызмет, көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы - 660 қызмет.
Есепті кезеңде тұрғындармен 27 ақпараттық-түсіндіру шарасы өткізілді, қалалық «Aqsham» телеарнасында 1 «Елге қызмет» телебағдарламасы түсірілді, 2 онлайн мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесі өткізілді.
Қаланың мемлекеттік мекемелерінде азаматтарды қабылдау үшін жағдайлар жасалған, "электрондық үкімет" порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді алуға практикалық көмек көрсету үшін өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары ашылған Egov.kz.ақпараттық стендтер орналастырылды. Мемлекеттік қызметтер мәселелері бойынша БАҚ-та және әлеуметтік желілерде 12 жарияланым орналастырылды, 220-дан астам брошюралар таратылды. Әлеуметтік желілерде парақшалар ашылды, онда тікелей эфирлер өткізіледі, өзекті ақпарат орналастырылады.
Мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасы мен қолжетімділігін бақылауды жүзеге асыру мақсатында қала әкімінің 2025 жылғы 10 желтоқсандағы №139ө өкімімен қаланың мемлекеттік мекемелерінде және олардың құрылымдық бөлімшелерінде 2026 жылға арналған ішкі бақылау жүргізу жөніндегі бақылау іс-шараларының жоспары бекітілді.
Барлық мемлекеттік мекемелер жұмыста заңдар мен заңға тәуелді актілердегі барлық өзгерістерді ескере отырып, қолданыстағы заңнаманы басшылыққа алады. Мемлекеттік қызмет көрсетудің барлық процестері бекітілген ережелерге сәйкес жүзеге асырылады.
Есепті кезеңде мемлекеттік қызмет көрсету мерзімін бір рет бұзуға жол берілді («Сәтбаев қаласының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ).
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шағымдар түскен жоқ.
«Сәтбаев қаласы әкімінің аппараты» ММ
ақпараттық технологиялар және стандарттар
бөлімінің басшысы Ж.Серикбаева