Сәтбаев қаласының аумақтық референдум комиссиясының төрағасы Смағұлов Е.Ж. «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде қоғамдық бірлестіктердің өкілдерімен семинар-кездесу өткізді. Кездесу барысында республикалық референдумға дайындық кезеңінде және дауыс беру күні азаматтардың белсенділігін арттыру, референдум өткізу кезінде ашықтықты қамтамасыз ету және заңдылықты сақтау, сондай-ақ дауыс беруге қатысу құқығы бар барлық азаматтар үшін тең жағдай жасау мәселелері қарастырылды. Іс-шара 2026 жылғы 15 наурызда өтетін республикалық референдумға қатысушыларды оқыту аясында ұйымдастырылды.
Сәтбаев қаласының аумақтық референдум комиссиясы

