2026 жылғы 15 наурызға тағайындалған республикалық референдумға байланысты комиссия мүшелері мен өзге де қатысушыларды каскадтық оқыту жоспарына сәйкес, Сәтбаев қаласының аумақтық референдум комиссиясы учаскелік комиссия мүшелеріне «2026 жылғы 15 наурыздағы республикалық референдумды дайындау мен өткізу бойынша учаскелік референдум комиссиялары жұмысының ұйымдастырылуы» тақырыбында қашықтықтан оқыту өткізді.
Семинар барысында республикалық референдумға қатысуға құқығы бар азаматтардың тізімімен жұмыс істеу, референдумға шақыру қағаздарын жеткізуді аяқтау, есептен шығару куәліктерін беру тәртібін қарастыру, мүгедектігі бар азаматтардың дауыс беруі үшін жағдай жасау, тестілеуден өту мәселелері қаралды.