Сәтбаев қаласының аумақтық референдум комиссиясы учаскелік референдум комиссиялары құрамын оқыту іс-шаралары аясында УРК хатшыларымен практикалық сабақ өткізді.
Дауыс беру учаскесіндегі тізім бойынша референдумға қатысу құқығы бар азаматтарға өз деректерін тексеру мүмкіндігін беру тәртібі, сондай-ақ дауыс беру құқығы бар есептен шығару куәліктерін беру тәртібі, учаскелік референдум комиссиялары мүшелерін оқыту және тестілеуді ұйымдастыру мәселелері қарастырылды.