Хабарлама «Референдум учаскелік комиссияларының жұмыс тәртібі туралы»

2026 жылғы 15 наурызға тағайындалған республикалық референдумды дайындау және өткізу үшін 23 ақпаннан бастап Сәтбаев қаласында 28 учаскелік референдум комиссиясы жұмысын бастады.

27 ақпаннан бастап референдумға қатысу құқығы бар азаматтардың тізіміне өзіңіздің қатысуыңызды учаскеде тексеруге болады. Азаматтар тізімге тұрақты тіркелген мекенжайы бойынша енгізіледі.

Учаскелер шекарасы, комиссия құрамдары және олардың орналасқан жерлері 2026 жылғы 20 ақпандағы №6 «Аймақ ақшамы» қалалық газетінде және қала әкімдігінің ресми сайтындағы «Сайлау» бөлімінде, «Референдум-2026» бөлімшесінде  жарияланған.

Сәтбаев қаласының аумақтық референдум комиссиясы учаскелік комиссиялар үшін келесі жұмыс тәртібін белгіледі:

  • Дүйсенбі–жұма күндері сағат 9:00-ден 20:00-ге дейін (түскі үзіліс 13:00-ден 14:00-ге дейін)
  • Демалыс және мереке күндері – сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін (үзіліссіз)
Дата публикации
25 февраля 2026