«Казахмыс Мэйтенанс Сервивисиз» ЖШС тау-кен шахталық жабдықтар зауытында еңбек ұжымының өкілдері Сәтбаев қалалық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Ернар Смағұловпен кездесті.
Оның дәріс бөлімі сайлау құқығының қағидаттарына арналды. Атап айтқанда, ашықтық биліктің заңдылығының негізі болып табылады, ал осы қағидаттың басты құрамдас бөлігі — сайлаушылардың сенімі екені атап өтілді. Сайлау процесс ашықтығы, жариялылығы, шынайылығы, сондай-ақ сайлаушылардың өз құқықтары мен дауыс беру рәсімдері туралы хабардарлығын арттыру — сайлаушы сенімін нығайтудың кепілі болып табылады.
Сонымен қатар, Е. Смағұлов алдағы реформалар аясында азаматтардың, соның ішінде еңбек ұжымдарының белсенділігі елдегі өзгерістердің жүзеге асуына елеулі әсер етуі мүмкін екеніне қатысушылардың назарын аударды.