«Мемлекеттік жастар саясаты туралы» Қазақстан Республикасы Заңының орындалу барысы және 2025 жылы Сәтбаев қаласының Жастар ресурстық орталығы жүзеге асырған жұмыстар туралы

Жастар – еліміздің әлеуметтік-экономикалық, мәдени және қоғамдық дамуының басты тірегі. Мемлекет жастардың жан-жақты қалыптасуына жағдай жасап, олардың бастамаларын қолдау арқылы тұрақты әрі бәсекеге қабілетті қоғам құруды мақсат етеді.

Осыған орай 2025 жылы Жастар ресурстық орталығы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, патриоттық тәрбие, білім мен шығармашылықты дамыту, жұмыспен қамтуды қолдау және құқықтық, әлеуметтік бағыттар бойынша ауқымды жұмыстар жүргізді.

Сәтбаев қаласында қазіргі таңда 68 000 тұрғын бар. Оның ішінде 14 пен 35 жас аралығындағы жастар саны — 19 519 адамды құрайды. Бұл — жалпы халықтың шамамен үштен бірі. Жастардың 50%-ын 18-35 жас аралығындағы азаматтар құрайды. Қаладағы оқушылар саны — 9 853.

Жастар ресурстық орталығының негізгі шаралары мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында жүзеге асады. 2025 жылға жалпы 48 770 000тг бөлінді. Бөлінген сумма аясында өткізілген мәдени шаралар:

  1. «Ақ-Қыс 2025» мәдени-спорттық жобасы. Жастарды спортқа баулу мақсатында әр сенбі күні тегін коньки тебу және қысқы тимбилдингтер өткізілді. Қамтылған жастар саны – 150. 2. «Барыс» әскери-патриоттық жобасы. Жоба аясында жыл бойы патриоттық іс-шаралар ұйымдастырылды: Оның ішінде Наурызнама онкүндігі; Жеңістің 80 жылдығына арналған концерт; 31 мамырға арналған бейнеролик байқауы; «Дара тұлға Абай» поэзиялық кештері. Жобаның 2025 жылғы соңғы жоспары әскерден келген сарбаздарды жастармен кездестіру. Әскерден келген сарбаздар мен жастар арасындағы кездесудің негізгі мақсаты – жастарға патриоттық тәрбие беру, оларды Отан қорғаушылардың өмірімен таныстыру, әскери қызметтің маңызын түсіндіру және азаматтық жауапкершілікті арттыру. Сонымен қатар, жас буынның бойында елге қызмет ету ұғымын қалыптастыру, мотивация беру және сарбаздардың нақты тәжірибесі арқылы дұрыс бағыт-бағдар көрсету болып табылады. 3. «Дарабоз» зияткерлік жобасы. Ұлытау облысының 40-тан астам жасы қатысты, 8 қатысушы финалға өтті. Жүлделі 1,2,3 орын алғандар ақшалай сыйлықтармен марапатталды. 4. «Білікті бірді, білімді мыңды жығар» жобасы. Жастардың ой-өрісін дамыту мақсатында Quiz, «Тез тап», BasTime тимбилдинг ойындары ұйымдастырылды. Қамтылған жас – 80.
  2. Мобилографиялық курс. 3 күндік тегін курс өткізіліп, 40 қатысушы видеотүсірілім және монтаждау дағдыларын меңгерді. 6. «Жас Құтқарушы – 2025». Қаланың мектептерінен 110 оқушы қатысып, командалық турнир форматында өтті. 110 оқушы 11 топтан құралды. Жүлделі орындарға ақшалай сыйлықтар берілді. Орын алмаған оқушыларға ынталандыру мақсатында да сыйлықтар табысталды. 7. Әскерге шақырылған жастарды қолдау шаралары. Көктемгі және күзгі шақырылым бойынша 25 жас сарбазға тұрмыстық қажеттіліктер мен құрал-жабдықтар табысталды. Оларға арнайы концерттік бағдарламалар ұйымдастырылды. 8. «Жұмысшы мамандықтар» жылына арналған шаралар. Отан қорғаушылар күніне орай жұмысшы мамандықтар иелеріне құрмет көрсету мақсатынды өндірісте жүрген жастарға, түрлі сала мамамандарын ынталандыру мақсатында ақшалай сыйлақтармен әкімнің алғыс хаты табысталды. 9. «Жасыл Ел» жобасы. 2025 жылы жобаға жоспар бойынша 150 жас қамтылуы тиіс болатын, алайда сұраныс көп болуына байланысты, нақты қамтылған жастар саны 157 сарбазға жетті. Оның 80 пайызы әлеуметтік осал топтан болды. Жастар қаланың орталық көшелері мен «Жеңіс» саябағында абаттандыру жұмыстарын жүргізді. Үздік сарбаздар айлықтан бөлек қосымша сыйақымен марапатталды. 10. «ZhasFest» жастар фестивалі. Қалада алғаш рет өткізілген фестивальге көптеген жастар қатысып, концерттік бағдарлама мен флешмобтар ұйымдастырылды. Үздік волонтерлер қала әкімінің алғыс хатымен және арнайы сыйақымен марапатталды. 11. «Қылмысқа жол жоқ» профилактикалық жобасы. Жоба аясында психологиялық көмек, суицид пен буллингтің алдын алу тренингтері, құқықтық сауаттылықты арттыру сабақтары өткізілді. Қамтылған жастар – 150 адам. 12. «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы. Ай сайын жастармен қала аумағын тазарту жұмыстары жүргізіліп, тұрғындарға экологиялық мәдениетті насихаттайтын буклеттер таратылды. 13. Жастарға арналған жаңа жылдық кеш «Жастар. Серпін мен сенім» тақырыбында жаңа жылдық кеш өткізілді. Шараға 50 шақты жастарқатысып мерекелік кеш ұйымдастырылды.Жастарға арнайы дастархан жайылып, жыл бойы үздік танылған волонтерлар шақырылды.

Жастар ресурстық орталығында жастарға тегін анонимдік психологиялық көмек және құқықтық кеңестер көрсетіліп отырады. Жыл басынан бері ананоимдік-психологиялық көмекке 30 адам жүгінді. Оның басым бөлігі колледж студенттері және жалғыз басты аналар болды.

Жыл ішінде жоспардан тыс жастар орталығы 8 наурызда қоғамдық жұмыс жасайтын нәзік жандыларға гүл мен тәттілер таратты. Қайырымдылық күні «Ізгілік сөрелерін» орнатты, мұқтаж жандарға әлеуметтік маңызы бар азық-түліктерді сөрелерге қойып, тегін алып кетуге мүмкіндік жасалды. Еріктілермен панасыз жануарларға көмек ұйымдастырылды, және де қарт кісілерге маусымдық көмек, атап айтқанда жаз уақытында арам шөптерін жұлысып, қыс уақытында қарларын күреу сынды көмектер көрсетілді.

Жастар ресурстық орталығының негізгі міндеті – жастарды қолдау, олардың әлеуетін дамыту және қоғам өміріне белсенді араласуына жағдай жасау. 2025 жылы атқарылған жұмыстар жастардың патриоттық рухын, азаматтық жауапкершілігін, еңбекке деген құрметін нығайтуға бағытталды.

Жыл соңына дейін жастарға арналған бірқатар маңызды жобалар мен жаңа бастамалар іске асырылатын болады.

Назарларыңызға рахмет!

Дата публикации
22 января 2026