Сәтбаев қаласының әкімшілік аумағында, «Qazlife» ЖШС-нің эксперттік қорытындысының мәліметтеріне сәйкес, қаламызда 102 көше бар. Жалпы ұзындығы 91км 8м құрайды.
Ағымдағы жылы қаламыздың 8 автомобиль жолдарын орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді . Олар:
Жалпы автожолды орташа жөндеу жұмыстары шамамен жалпы ұзындығы 7,51 км қамтиды.
Қала жолдарында ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жөндеу жұмысының көлемі 45 мың шаршы метрді құрайды. Атқарылған жұмыстар Гелиос ЖҚС бастап Ұлытау көшесі, Сәтбаев даңғылы, Гурбы көшесі, Абай көшесі (Ұлытау көшесінен бастап Сәтбаев даңғылына дейін), Ерден көшесі, Б.Момышұлы көшесі, Алаш көшесі, Б.Бұлқышев көшесі, 15 және 16 ЖББМ көшесі, Тәуелсіздік даңғылы, Наурыз көшесі, сияқты көшелердің автомобиль жолдарын ретке келтірілді.
Сәтбаев қаласының 7 қиылысына бағдаршам орнату жұмыстары атқарылуда. Олар:
Сонымен қатар, қала аумағында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жол белгілерін орнату, жол таңбаларын жаңарту, мектептер мен балабақшалар маңына жасанды жол кедергілерін (лежачий полицей) орнату жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуде. Алдағы кезеңде жол инфрақұрылымын одан әрі жақсарту бойынша қосымша шаралар қабылдау жоспарлануда.