«Сәтбаев қаласының №3, №4 және №7 шағын аудандарының егжей-тегжейлі жоспарлау жобасын әзірлеу»

«Қарағанды облысының Сәтбаев қаласындағы №3, №4 және №7 шағын аудандардың егжей-тегжейлі жоспарлау жобасын әзірлеу» жобасы 2018 жылғы 21 желтоқсандағы №51 шарттың және Сәтбаев қаласы әкімдігінің «Қала құрылысы және сәулет бөлімі» мемлекеттік мекемесі берген техникалық тапсырманың негізінде «Казгипроград»1 жобалау институты» ЖШС тарапынан әзірленді.
Егжей-тегжейлі жоспарлау жобасының аумақты жоспарлық ұйымдастырудың негізгі бағыттары бойынша шешімдері, мәдени-тұрмыстық қызмет көрсету жүйесін айқындай отырып, 2010 жылы «Казгипроград»1 жобалау институты» ЖШС әзірлеген және бекітілген Сәтбаев қаласының бас жоспарының ұсыныстарына негізделген.
Жобаның негізгі мақсаты – Сәтбаев қаласының тұрғындарын тұрғын үй қоры және мәдени-тұрмыстық қызмет көрсету объектілерімен қамтамасыз ету мәселелерін кешенді шешу болып табылады.
Жобаның міндеттеріне Сәтбаев қаласының орталық бөлігінде орналасқан қалыптасқан тұрғын ауданның кеңістіктік-көлемдік және сәулеттік-көркемдік келбетін жақсарту жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу кірді.
Жобалық материалдардың құрамы мен мазмұны ҚР ҚН 3.01-02-2011 «Қала құрылысы жобаларын әзірлеу, келісу және бекіту тәртібі жөніндегі нұсқаулық» талаптарына сәйкес орындалды. Бұл нұсқаулық 2018 жылғы 22 қаңтардан бастап міндетті түрде қолдануға енгізілген.
Егжей-тегжейлі жоспарлау жобасының негізгі есептері ҚР ҚНжЕ 3.01-01-2013 «Қала құрылысы. Қалалық және ауылдық елді мекендердің жоспарлануы мен құрылысы» талаптарына (2013 жылғы 2 мамырдағы жағдай бойынша) сәйкес жүргізілді.
Жобаны әзірлеудің негізгі бастапқы материалы «Алматы Production construction & Invest» ЖШС орындаған М 1:2000 масштабтағы (2019 ж.) топографиялық түсірілім болды.
Бұдан бөлек, 2019 жылғы ғарыштық түсірілім, сондай-ақ әртүрлі құрылыс түрлері үшін жер учаскелерін бөлу және олардың шекаралары жөніндегі деректер пайдаланылды. Жобалау барысында натуралық зерттеу жүргізіліп, бастапқы мәліметтер жинақталды, қажетті жобалау-іздестіру материалдары талданды.