Сәтбаев қалалық аумақтық сайлау комиссиясының отырысы туралы хабарлама

Биылғы жылғы 1 қазанда Сәтбаев қалалық аумақтық сайлау комиссиясының отырысы өтті. Оған № 6 және № 12 бірмандаттық аумақтық округтік сайлау комиссияларының,  сондай-ақ № 48, 49, 56, 59 учаскелік сайлау комиссияларының төрағалары мен хатшылары қатысты.

Бірінші тыңдалған есеп № 6 және № 12 округтік сайлау комиссияларының Сәтбаев қалалық мәслихатының сайлауына кандидаттар ұсыну және оларды тіркеу жөніндегі жұмыстарының  қорытындылары туралы болды.

Округтік сайлау комиссиялары төрағаларының хабарламалары есепке алынды.

Округтік сайлау комиссияларына  тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктерде сайлау заңнамасының сақталуына бақылауды жалғастыру ұсынылды.

Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша учаскелік сайлау комиссияларына Сәтбаев қалалық мәслихатының шығып қалған депутаттарының  орнына тағайындалған сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі күнтізбелік жоспарға сәйкес ұйымдастыру қызметтері белгіленді:

- учаскелік сайлау комиссияларының ашылуы, тіркелуі және жұмыс уақыты;

- сайлаушылар тізімдерімен жұмыс;

-сайлаушыларды сайлауға шақыруды ұйымдастыру.

 

Дата публикации
02 октября 2025