Қаланың жергілікті мемлекеттік органдары мемлекеттік тізілімге енгізілген мемлекеттік қызметтердің 49 түрін көрсетеді. Есепті кезеңде барлығы 1746 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде баламалы негізде 54 қызмет, "Азаматтарға арналған үкімет "мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ арқылы – 187 қызмет, электрондық түрде – 1505 қызмет, оның ішінде "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы – 522 қызмет, "Е-лицензиялау " - 233 қызмет, көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы-750 қызмет.
Есепті кезеңде мемлекеттік қызмет көрсету кезінде жиі кездесетін қателіктерді талдау нәтижелері бойынша "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі" ММ ұсынымдарын қарау бойынша бір Семинар өткізілді, тұрғындармен 27 ақпараттық-түсіндіру шарасы өткізілді, Қалалық «Aqsham» телеарнасында 2 «Елге қызмет» телебағдарламасы түсірілді, 1 онлайн мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесі өткізілді.
Қаланың мемлекеттік мекемелерінде азаматтарды қабылдау үшін жағдайлар жасалған, Egov.kz "электрондық үкімет" порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді алуға практикалық көмек көрсету үшін өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары ашылған ақпараттық стендтер орналастырылды, "Aqsham" қалалық телеарнасында, қала әкімі аппаратының ғимаратында, қалалық емханада, қаланың жұмыспен қамту орталығының ғимаратында және бірқатар оқу орындарында оқыту және ақпараттық бейнероликтер көрсетілімі ұйымдастырылады. Мемлекеттік қызметтер мәселелері бойынша БАҚ-та және әлеуметтік желілерде 12 жарияланым орналастырылды, 220-дан астам брошюралар таратылды. Әлеуметтік желілерде парақшалар ашылды, онда тікелей эфирлер өткізіледі, өзекті ақпараттар орналастырылады.
ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Ұлытау облысындағы филиалында есепті кезеңде 4 адам оқудан өтті.
Мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасы мен қолжетімділігін бақылауды жүзеге асыру мақсатында қала әкімінің 2024 жылғы 9 желтоқсандағы №165р өкімімен қаланың мемлекеттік мекемелерінде және олардың құрылымдық бөлімшелерінде 2025 жылға арналған ішкі бақылау жүргізу жөніндегі бақылау іс-шараларының жоспары бекітілді.
Барлық мемлекеттік мекемелер жұмыста заңдар мен заңға тәуелді актілердегі барлық өзгерістерді ескере отырып, қолданыстағы заңнаманы басшылыққа алады. Мемлекеттік қызмет көрсетудің барлық процестері бекітілген стандарттар мен ережелерге сәйкес жүзеге асырылады.
Есепті кезеңде "Е-лицензиялау" жүйесінде мемлекеттік қызметтер көрсету мерзімдерінде бұзушылықтар болған жоқ.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шағымдар түскен жоқ.
«Сәтбаев қаласы әкімінің аппараты» ММ
ақпараттық технологиялар және стандарттар
бөлімінің басшысы Ж.Серикбаева