"Сәтбаев қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары бөлімі" ММ

Балалардың бос уақытын тиімді пайдалану, салауатты өмір салтын сақтау мақсатында, 310 млн 640 мың теңгеге 20 жаттығу кешені, 5 футбол, 15 балалар ойын алаңдары салынды.
Алғаш рет балалар ойын алаңдарына 76 жарық бағаналары орнатылды.
Футбол алаңдары жаңа үлгіде, төбесі жабылған, және сапалы темірмен қоршалып, қапталған.
Қала картасында «Қызғалдақ», Бабыр би аллеялары қайта жаңғырды.
Батыс ауданда орналасқан «Қызғалдақ» шағын сәулеттік архитектурасы жөндеуден өтіп, жарық шамдары, орындықтар қойылып, балалар ойын алаңы және жаттығу элементтері орнатылды.
«Бабыр би» аллеясында ағаштар отырғызылып, суару жүйесі орнатылды.

Дата публикации
13 декабря 2024