ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс - қимыл туралы» Заңының (бұдан әрі-заң) 8-бабы 5-тармағына сәйкес 2024 жылғы 29 ақпандағы №12 бұйрыққа сәйкес 2024 жылғы 7 наурыз бен 2024 жылғы 7 сәуір аралығында «Сәтбаев қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ(бұдан әрі - ММ)сыбайлас жемқорлыққа ішкі талдау жүргізілді келесі бағыттар бойынша тәуекелдерді талдау(бұдан әрі - талдау):
2024 жылғы 29 ақпандағы №12 бұйрыққа сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы комиссияның жұмыс тобының құрамы бекітілді: ММ басшысы Ж.С. Сейлова, ММ статистигі Г. Б. Мақтабай, ММ бас маманы С. А. Елтынды, ММ инспекторы А. Д. Амангелді, ММ әдіскері А. Н. Алдаберген, ММ іс жүргізушісі А. Ж. Қасымова.
Талдау Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2023 жылғы 16 қаңтардағы №21 бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес жүзеге асырылды.