2024 жылдың 1 қыркүйегінен бастап, «Сәтбаев қаласының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімі» ММ-нен тұрғын үй қорын сақтау, азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету бойынша аталмыш мекеменің функциялары «Сәтбаев қаласының тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ-не өтті.
Бүгінгі таңда Сәтбаев қаласы бойынша мемлекеттік тұрғын үй қорынан пәтер алу кезегінде 2066 азамат кезекте тұр.
-халықтың әлеуметтік осал топтары -973;
- бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері мен мемлекеттік қызметшілер -523;
- жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар – 279;
- көп балалы отбасы – 207;
- жалғыз баспанасы апатты деп танылған азаматтар – 84.
"Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй беру және пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 5 желтоқсандағы № 106 бұйрығына сәйкес, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйлер немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйлер тиісті тұрғын үй комиссиясының тұрғын үй беру туралы шешімінің негізінде тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасы азаматтарының пайдалануына беріледі.
Тұрғын үй комиссиясы жұп санды кемінде алты адамнан, оның ішінде кәсіподақ ұйымының өкілдерінен (болған жағдайда), жергілікті атқарушы органдар, мемлекеттік кәсіпорындар, мемлекеттік мекемелер өкілдерінен қалыптастырылады.
Тұрғын үй комиссиясын жергілікті атқарушы органдарда, мемлекеттік кәсіпорындарда, мемлекеттік мекемелерде - бірінші басшысының орынбасары басқарады.
Тұрғын үй комиссиясының шешімі дауыс беру арқылы көпшілік дауыспен қабылданады.
Тұрғын үй комиссиясы өтініш беруші құжаттарды тапсырған күннен бастап отыз күнтізбелік күн ішінде тұрғын үйді беру не жазбаша түрде дәлелді бас тарту туралы шешім шығарады.
Мемлекеттік тұрғын үй қорында бос пәтерлердің болмауына байланысты, қыркүйек-қараша айларында мемлекеттік тұрғын үй қорынан пәтер алу кезегінде тұрған азаматтарға пәтерлер берілген жоқ.
Жоғарыдағыны негізге ала отырып, «Сәтбаев қаласының тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ-мен аталмыш жұмыстарды жүргізу барысында сыбайлас жемқорлыққа жол берілмейді.