Сәтбаев аумақтық референдум комиссиясының отырысы туралы ақпараты

 Ағымдағы жылдың 27 қыркүйегінде учаскелік  референдум комиссиялар хатшыларының қатысуымен Сәтбаев қаласының аумақтық референдум комиссиясының отырысы өтті.

Комиссия отырысында азаматтарды дауыс беру күні мен орны туралы хабардар ету қорытындылары туралы, референдум учаскелерінде азаматтарды тіркеу және тіркеуді тексеру бойынша қызмет көрсетуді ұйымдастыру туралы, сырттай куәліктерін беру барысы туралы мәселелер қаралды. Аталған бағыттар бойынша учаскелік референдум комиссияларының жұмысы қанағаттанарлық деп танылды.

          Сондай-ақ, Сәтбаев қалалық аумақтық референдум комиссиясының шешімімен  № 281 учаскелік комиссияның құрамына өзгерістер енгізілді.

                  

Дата публикации
27 сентября 2024