Орталық референдум комиссиясының өкілдері қызметтік іс сапарымен Сәтбаев қаласында

23 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Орталық референдум комиссиясының мүшесі А.А.Смағұлов және Қазақстан Республикасы Орталық референдум комиссиясы аппаратының заң бөлімінің меңгерушісі Б.М. Тұрғанбаев республикалық референдумға дайындық бойынша  Ұлытау облысына  қызметтік іс сапары аясында Сәтбаев қаласындағы референдум өтетін нысандарды аралап, учаскелік комиссиялардың мүшелерімен  кездесті.

Іс сапар барысында Қазақстан Республикасы Орталық  референдум комиссиясының өкілдері комиссияның дауыс беру күнінің дайындығына ерекше назар аударды, сондай-ақ құқықтық  кеңестік  қолдау көрсетті.

Іс сапар соңында № 298 референдум учаскесінде қонақтар мен учаскелік комиссия төрағалары және хатшыларының қатысуымен «Референдумға дауыс беру күні» тақырыбында іскерлік ойыны өткізілді.  

 
 
 

 

 

 

 

 

Дата публикации
24 сентября 2024