Мақсат – белсенді шығармашыл жастар қауымдастығын қалыптастыруға бағытталған жастардың жаңа және қолданыстағы бастамаларын мемлекет тарапынан қолдау.
Биылғы жылдың басты ерекшеліктерінің бірі, жобаны 14 жастан асқан қатысушылар да қорғады. Сәтбаев қаласы әкімдігінің жастарды қолдауға арналған грантына барлығы 48 үміткер (14 жастан бастап 35 жасқа дейінгі) қатысып өз жобаларын қорғаған болатын.
Гранттар 5 бағыт бойынша берілді:
1) «Ғылым» – ғылымның басым секторларында жаңа ғылыми жобаларды және зерттеулерді іске асыруға арналған;
2) «Мәдениет» – Қазақстанның мәдени мұрасын танымал етуге, халықтық мәдени дәстүрлер мен өнерді ілгерілетуге бағытталған жобаларды іске асыруға арналған;
3) «Ақпараттық технологиялар» – жаңа IT шешімдер мен жобаларды, оның ішінде жаңадан басталған стартап жобаларды іске асыруға және әзірлеуге арналған;
4) «Бизнес» – экономиканың басым секторларында жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған;
5) «Медиа» – жаңа медиа жобаларды, оның ішінде жастар үшін танымдық, пайдалы, қызықты контент құру жөніндегі жобаларды іске асыруға арналған. Сәтбаев қаласының әкімдігі де бұл бастамаға бастамашыл болып, биылғы грант бағыттарын министрлік бекіткен бес бағытқа бұрып, бағдарын белгіліп, бағытын айқындады. Атап айтқанда – ғылым, мәдениет, ақпараттық технологиялар, бизнес, медия саласына қатысы бар жобалар қаралып, қатысушылар қорғап, комиссия тарапынан қорытындысы (қосымшаға сәйкес) шығарылды.