16.09.2024 ж. Сәтбаев қаласының аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Е.Смагулов учаскелік референдум комиссияларының төрағаларымен онлайн-кеңес өткізді.
Республикалық референдумды дайындау мен өткізудің күнтізбелік жоспарына сәйкес бүгіннен бастап учаскелік комиссиялар толық құрамда жұмыс істей бастады.
Жергілікті атқарушы орган учаскелік референдум комиссияларына азаматтардың тізімдерін актімен ұсынуына байланысты қалалық референдум комиссиясы учаскелік референдум комиссияларының төрағаларына тізімдерді нақтылау жұмыстарын ұйымдастыруды ұсынды. Дауыс беруге 15 күн қалғанда беріле бастайтын және оларды беру ағымдағы жылдың 5 қазанында сағат 18.00-де аяқталатын дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәліктерін беру тәртібі нақтыланды.