2024 жылғы 13 қыркүйекте Сәтбаев қаласының учаскелік комиссияларының хатшылары үшін оқыту семинары өткізілді.
Күн тәртібінде комиссия хатшыларының сайлау кезеңіндегі міндеттері, азаматтардың тізімдерімен жұмыс істеу, азаматтарды тіркеуді тексеру бойынша онлайн қызметтерін құру, азаматтарды тіркеу орталықтары, референдум өткізу учаскелерінің жұмыс режимі, сырттай дауыс беру куәліктерін беру, референдум кезінде дауыс беру орны мен уақыты туралы азаматтарды хабардар ету тәртібі туралы мәселелер қаралды.