2024 жылдың 12 қыркүйегінде 28 учаскелік референдум комиссиясы төрағаларының орынбасарлары үшін Zoom форматында оқыту семинары өтті.
Сәтбаев аумақтық референдум комиссиясының төрағасы Е.Смагулов семинарға қатысушылармен Қазақстан Республикасының «Республикалық референдум туралы» заңына сәйкес республикалық референдумға дайындықтың ұйымдастырушылық-құқықтық аспектілерін, сондай-ақ олардың сайлау кезеңіндегі өкілеттіктері мен міндеттерін талқылады.
Қалалық комиссия төрағасының орынбасары Н.Геймбух сайлау заңнамасын және «Республикалық референдум туралы» Қазақстан Республикасының Заңын білу деңгейін тексеру мақсатында онлайн тестілеуді өткізу мәселелері туралы айтты.
Комиссия хатшысы М.Есмурзаева мүгедектігі бар тұлғалармен жұмыс істеу алгоритмі мәселесін жан-жақты қарастырды.