Ағымдағы жылдың 5 қыркүйегінде Zoom форматында учаскелік референдум комиссияларының төрағалары мен хатшыларының қатысуымен Сәтбаев қалалық аумақтық референдум комиссиясының отырысы өтті.
Отырыста 2024 жылғы республикалық референдумға дайындық барысындағы ұйымдастыру мәселелері талқыланып, аумақтық комиссия мүшелерінің электоралдық кезеңіндегі міндеттері айқындалды, сонымен қатар референдум учаскелерін ашу және жабдықтау бойынша іс-шаралар алгоритмі жарияланды.
Отырысты АРК төрағасы Е.Смағұлов жүргізді. Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша қалалық комиссия төрағасының орынбасары Н.Геймбух пен хатшысы М.Есмурзаева сөз сөйледі.