"Сәтбаев қаласының ішкі саясат бөлімі" ММ
«Тәуелсіздік ұрпақтары» грантына конкурс басталғаны туралы хабарлайды
2024 жылы «Тәуелсіздік ұрпақтары» бойынша 3 млн. теңгеден 10 грант берілетін болады.
Мақсат – белсенді шығармашыл жастар қауымдастығын қалыптастыруға бағытталған жастардың жаңа және қолданыстағы бастамаларын мемлекет тарапынан қолдау.
Конкурсқа облыстың 14 жастан бастап, 35 жасқа дейінгі Сәтбаев қаласының жастары үміткер бола алады.
Гранттар 5 бағыт бойынша беріледі:
1) «Ғылым» – ғылымның басым секторларында жаңа ғылыми жобаларды және зерттеулерді іске асыруға арналған;
2) «Мәдениет» – Қазақстанның мәдени мұрасын танымал етуге, халықтық мәдени дәстүрлер мен өнерді ілгерілетуге бағытталған жобаларды іске асыруға арналған;
3) «Ақпараттық технологиялар» – жаңа IT шешімдер мен жобаларды, оның ішінде жаңадан басталған стартап жобаларды іске асыруға және әзірлеуге арналған;
4) «Бизнес» – экономиканың басым секторларында жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған;
5) «Медиа» – жаңа медиа жобаларды, оның ішінде жастар үшін танымдық, пайдалы, қызықты контент құру жөніндегі жобаларды іске асыруға арналған.
Үміткерлердің конкурстық өтінімдері 1 шілде мен 30 тамыз аралығында электронды нұсқада tuyelszdksat@mail.ru поштасына, және қағаз нұсқада Тәуелсіздік 30а «Жастар ресурстық орталығында» қабылданады.
Қосымша ақпарат пен сұрақтар туындаған жағдайда, байланыс телефоны:
8 7079658899, 87713518833 (сағат 10.00.-18.00. дейін)
Конкурстық өтінімдер мемлекеттік және (немесе) орыс тілдерінде қабылданады және:
1) 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша конкурстық өтінім;
2) 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жобаның сипаттамасы;
3) жоба бойынша (60 секундтан аспайтын) бейнематериал немесе (10 слайдтан аспайтын) презентация;
4) 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша шығындар сметасының жобасы;
5) PDF форматындағы зияткерлік меншік туралы мәліметтер (бар болса);
6) PDF форматындағы жеке куәлік немесе туу туралы куәліктің көшірмесі болуы тиіс
*Ескерту: Үміткер ұсынған конкурстық өтінімде жобаның негізгі идеясы, оның әлеуметтік әсері, күтілетін нәтижелері ашып көрсетілмеген жағдайда және конкурстық комиссияда жобаға қосымша сұрақтар туындаған кезде, конкурстық комиссия төрағасының шешімі бойынша үміткердің баяндамаларын таныстырылымдарымен бірге көзбе-көз немесе қашықтықтан тыңдау жүргізіледі. Сәтбаев қаласының осы уақытқа дейіңгі грант ұтқан жастары бұл грантқа үміткер бола алмайды.