Қоғамдық кеңестің кезекті жоспарлы отырысы

Қоғамдық кеңестің а.ж. 30 мамырында өткен отырысының күн тәртібінде мынадай мәселелер қаралды:

  1. «Қаладағы діни ахуалды жақсартуға бағытталған іс-шараларды орындау туралы» «Сәтбаев қаласының дін мәселелері жөніндегі ақпараттық-консультациялық орталығы» КММ басшысының есебі.
  2. «Сәтбаев қаласының автомобиль жолдарының жай-күйі, күтіп-ұстау және ағымдағы жөндеу туралы» «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, ПТ, АҚ және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ басшысының есебі.
  3. Әртүрлі.

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша «Сәтбаев қаласының дін мәселелері жөніндегі ақпараттық-консультациялық орталығы» КММ басшысы М.Т.Айтбаев сөз сөйледі.

Басшының ақпараты бойынша діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу шаралары әлеуметтік тапсырыс арқылы жүзеге асырылады. Орталық діни ахуалды жақсарту бойынша іс-шаралар, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Қалада 11 коалиция тіркелген. Ағымдағы жылдың 5 айында 94 іс-шара өткізілді. Орталық «Ан-Ниса 2020» ҚБ және «Фуркан-2017» ҚБ теологтарымен бірлесіп деструктивті діни ағымдағы адамдармен жеке мекенжай кездесуін өткізеді.

Қоғамдық кеңес мүшелері бұл мәселені талқылай келе, өткірлігін атап өтіп, мәселені жан-жақты қарау үшін атқарушы органдар, өндірістік мекемелер, теологтар өкілдерінің қатысуымен отырыс өткізу туралы ұсыным берді.

Екінші мәселе бойынша «ТКШ, ЖМ, АҚ бөлімі» ММ басшысы А.М. Мухамбетали автомобиль жолдарын жөндеу және күтіп ұстау бойынша ақпарат берді. Ағымдағы жылы аталған жұмыстарды орындауға «Дорожник» ӨК-мен шарт жасалды. Бүгінгі таңда 14000 шаршы метр асфальт төселген. Ұлытау көшесіне ағымдағы жөндеу жұмыстары аяқталды, Абай және Ерден көшелерін асфальттау жалғасуда. Бұл жұмыстар бөлім мамандарының тұрақты бақылауында.

Кеңес мүшелері қала жолдарын күрделі жөндеу мәселелерін көтерді.     А.Мұхамбетали келесі жылы қаланың 3 негізгі көшесін жөндеуге ЖСҚ дайындалып жатқанын хабарлады.

Отырысқа қала әкімінің орынбасары А.Қ.Төлендина, жергілікті атқарушы органдардың басшылары, мердігер ұйымның өкілі қатысты.

 
Дата публикации
03 июня 2024