Қоғамдық кеңестің комиссия мүшелері дін мәселелері жөніндегі ақпарат және консультациялар орталығында болды

Сәтбаев қаласының қоғамдық кеңесінің жұмыс жоспарына сәйкес ағымдағы жылдың мамыр айында «Қаладағы діни ахуалды жақсартуға бағытталған іс-шараларды орындау туралы» «Сәтбаев қаласының дін мәселелері жөніндегі ақпараттық-консультациялық орталығы» КММ басшысының есебі қаралады.

Мәселені отырыс қарауына дайындау шеңберінде қоғамдық кеңестің әлеуметтік сала, құқықтық тәртіп және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия мүшелері дін мәселелері жөніндегі ақпарат және консультациялар орталығында болып, орталықтың қызметімен танысып, дін саласындағы қоғамдық-саяси тұрақтылықты нығайтудың түйіткілді мәселелерін талқылады.

 

 

 

Дата публикации
03 июня 2024