«Жезқазған кенті әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы Ереже

2013 жыл

«Жезказған кенті әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы

ЕРЕЖЕ.
Жалны ережелер

«Жезқазған кенті әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі кент әкімінің қызметінің ақпараттық-талдамалык, ұйымдастырушылык-құқықтық, материалдық- техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын және оған тікелей есеп беретін салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

  1. Мемлекеттік мекеме өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазакстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік кұқыктық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
  2. Мемлекеттік мекеме мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құкыктық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік өз атауы бар, мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазакстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылык органдарында шоттары бар.
  3. Мемлекеттік мекеме азаматтық-құқықтык қатынастарға өз атынан түседі.
  4. Мемлекеттік мекеме егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
  5. Мемлекеттік мекеме өз құзіретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Жезқазган кентінің әкімі өкімдерімен және Қазакстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
  6. «Жезқазған кенті әкімінің аппараты» Мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
  7. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Қарағанды облысы, 101302, Сәтбаев қаласы, Жезқазған кенті, Жубанова көшесі, № 11 үй.
  8. Мемлекеттік мекеменің толық атауы: «Жезқазган кенті әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесі.
  9. Осы Ереже «Жезқазған кенті әкімінің аппараты» Мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
  10. «Жезқазган кенті әкімінің аппараты» Мемлекеттік мекемесінің  қызметінқаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

          І2. «Жезқазған кенті әкімінің аппараты» Мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субьектілермен «Жезқазған кенті әкімінің аппараты» Мемлекеттік мекемесінің фунциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

  1. Егер «Жезқазган кенті әкімінін аппараты» Мемлекеттік мекемесіне заң

намалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру кұқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалык бюджеттің кірісіне жіберіледі.

            2.Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары,

кұқықтары мен міндеттері

  1. «Жезқазған кенті әкімінің аппараты» Мемлекеттік мекемесінің миссиясы: кент аумағының сәйкес даму қажеттіліктері мен мүдделеріне үйлесімде атқарушы биліктің жалпы мемлекеттік саясатын жүргізу. 
  2. Міндеттері:

       1) кент әкімінің әкімшілік-басқарушылық қызметін қамтамасыз ету;

       2) кенттің әлеуметтік және экономикалық даму бағдарламаларын орындау бойынша өзара қарым-қатынасты жүзеге асыру;

        3) Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазакстан Республикасы Үкіметінің, Қарағанды облысы және қала мен кент әкімі шешімдерін орындауды ұйымдастыру;

  1. Функциялары:
  • қызметтік құжаттарды, хаттарды, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарастырады, кент әкімінің азаматтарды жеке қабылдауын, әкімнің және оның орынбасарының қатысуымен өткізілетін мәжілістерді, кездесулерді, ресми және басқа да ісшараларды ұйымдастырады;
  • әкімнің нормативтік-кұқықтық, әкімшілік-өкімдік, жеке сипаттағы шешімдерінің жобаларын дайындайды;
  • әкімнің тапсырмасы бойынша мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік қызмет туралы заңнаманы бұзушылық және олардың сыбайлас жемкорлық кұқық бұзушылық жасау фактілері бойынша қызметтік тексеріс жүргізсді;
  • жалпыға бірдей әскери міндеттілік, азаматтық қорғаныс, жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру, төтенше жагдайларды болдырмау және жою туралы мәселелер бойынша заңнаманың орындалуын қамтамасыз етеді;
  • азаматтардың құқықтары мен бас бостандықтарын қорғау бойынша шараларды ұйымдастырады;
  • жеке және заңды тұлғалармен азаматтық-кұқықтық қатынастарға түседі, шарттар жасасады және қолданыстағы заңнамаға қайшы келмейтін өзге де қызметтерді жүзеге асырады;
  • мемлекеттік мекеменің құзырына жатқызылған мәселелер бойынша мемлекеттік және мемлекеттік емес органдармен қызметтік хат алысады;
  • Қарағанды облысының, қалалардың, аудандардың мемлекеттік органдарымен, облыстық және қалалық мәслихаттарымен өзара қарым-қатынастық қамтамасыз етеді;

          9) кадрлық саясатты іске асырады, бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға

орналасу конкурстарын, Мемлекеттік мекеме қызметшілерінің біліктілігін арттыру және кайта даярлауды, тағылымдамадан өткізуді, кадрлық резервті қалыптастыруды ұйымдастырады;

          10) мемлекеттік сатып алулар туралы заңнамаға сәйкес аппараттың қызметін қамтамасыз етуге сондай-ак оған жүктелтен функцияларды орындауға қажетті тауарларды, қызметтерді сатып алады;

         11)елді-мекеннің жерлерінде мал жаятын орындарға келісім алу;

        12) елді-мекендердің аумақтарын санитариялық тазалауды ұйымдастыру;

          13) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру бойынша ісшаралар өткізуді ұйымдастыру және ауыл шаруашылық жануарларын бірдейлендіру бойынша деректер базасын жүргізу;

  • ветеринария мәселелері бойынша халықтың арасында ағартушылық жұмыстарын жүргізу;
  • ветеринариялық есеп пен есептілікті жүргізу;
  • ветеринариялық-санитариялық кауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша ветеринариялық ісшараларды өткізу;
  • жануарға арналған ветеринариялық паспортты беру;
  • тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында әрекет ететін ветеринариялық анықтаманы беру;
  • жануарлардың аса қауіпті және энзоотиялық ауруларына қарсы ветеринариялық ісшаралардың орындалуын қамтамасыз ету.
  1.   Құқығы және міндеттері :

       «Жезқазған кенті әкімінін аппараты» мемлекеттік мекемесінің құкықтары;

  • өз құзыреті шегінде меншік құрылымына қарамастан мемлекеттік органдармен, ұйымдармен және азаматтармен қарым қатынастарда Мемлекеттік мекеменің мүддесін білдіреді;
  • кент әкімінің құзыретіне жататын мәліметтерді, керекті ақпараттарды,түсініктемелерді, құжаттарды және басқа да мәліметтерді лауазымды тұлғалардан, ұйымдардан, мекемелерден, кәсіпорындардан сұрату;
  • әкім иелігіне жататын ақпараттық мәліметтердің барлық түрлерін, оның ішінде, құпия мәліметтерді пайдалану;
  • жеке және заңды тұлғалармен азаматтық-құқықтық қатынастарға түседі, шарттар жасасады және қолданыстағы заңнамаға қайшы келмейтін өзге де кызметтерді жүзеге асырады;
  • мемлекеттік мекеменің жұмысының мәселелері бойынша мемлекеттік және мемлекеттік емес органдармен қызметтік хат алысуды жүргізу;
  • Жезқазған кенті әкімі аппаратының жұмысын жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу;
  • мемлекеттік сатып алу заңнамасына сәйкес аппараттың жұмысын қамтамасыз ету және жүктелген қызметтерді жүзеге асыру мақсатында тауарларды, қызметтерді сатып алу .

«Жезқазған кенті әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің міндеттері;

  • қызметтік құжаттарды, хаттарды, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарастыру;
  • салық заңнамасын және белгіленген тәртіпте өзге де бюджетке міндетті төлемдерді сақтау;
  • кадрлық саясат облысындағы мемлекеттік қызмет туралы заңнаманы

сақтау:

           4)  ар-намыс Кодексінің нормаларын және сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы заңнамасынмүлтіксіз сакталуын қамтамасыз ету.

           5) өзінің міндеттемелері бойынша өзіне тиесілі дүние-мүлікпен жауап беру;

  1. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

 

  1. «Жезқазған кенті әкімінің аппараты» Мемлекеттік мекемесінде басшылықты «Жезқазған кенті әкімінің аппараты» Мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын Жезқазған кентінің әкімі жүзеге асырады.

         19.Жезқазған кентінің әкімін Сәтбаев қаласының әкімі қызметке, тағайындайды және қызметтен босатады.

        20.Жезқазған кенті әкімінің Қазакстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылытын орынбасары болады.

         21.Жезқазган        кенті әкімінің      өкілеттігі:                                                                                1) тиісті әкімшілік-аумақтық бірлігі аумағына тиісті кент әкімі аппаратының лауазымды тұлғасы болып табылады және мемлекеттік органдармен, ұйымдармен және азаматтармен өзара қарым-қатынастарда оның атынан сенімхатсыз өкілдік етеді;

          2) азаматтардың өтініштерін, арыздарын, шағымдарын қарастырады, азаматтардың құқыктары мен бас бостандықтарын қорғау бойынша шараларды қолданады;                    

         3) салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді жинауға жәрдемдеседі;                                                                                                              

         4)  әкім аппараты әкімгер болып табылатын бюджеттік бағдарламаларды тиісті мәслихатпен бекітілу үшін жоғары тұрған әкімдіктің қарауына енгізеді және дайындайды;  

          4-1) стратегиялық жоспарды және (немесе) әкім аппараты әкімгер болып табылатын бюджеттік бағдарламаны әзірлеу кезінде жергілікті қоғамдастық жиналысының (жиынының) талқылауына Қазакстан Республикасының бюджетінің заңнамасына сәйкес, қала бюджетінің құрамына көзделген бағыттар бойынша жергілікті маңызы бар мәселелерді қаржыландыру жөніндегі ұсыныстарды шығаруға құкылы:   

          5) азаматтар мен заңды тұлғалардың Қазақстам Республикасы Конституциясының, заңдарының, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметі актілерінің, орталық және жергілікті мемлекеттік органдар нормативтік құқықтық актілерінің нормаларын орындауына жәрдемдеседі ;                                                                   

         6) өз құзіреті шегінде жер қатынастарын реттеуді жүзеге асырады; 

         7) кенттің мемлекеттік тұрғын-үй қорының сақталуын, сондай-ақ кенттерде көлік  жолдарының салынуын, қайта жаңартылуын, жөнделуін және күтіп ұсталуын қамтамасыз етеді;

         8) шаруа (фермер) қожалықтарын ұйымдастыруға, кәсіпкерлік қызметті дамытуға жәрдемдеседі;   

         9)  өз құзыреті шегінде әскери міндеттілік және әскери қызмет, азаматтық қорғаныс  сондай-ақ  жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы мәселелер бойынша  Қазақстан Республикасы заңнамасының орындалуын ұйымдастырады және қамтамасыз етеді;   

       10) тарихи  және мәдени мұраны сақтау  жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;

     11) табысы аз тұлғаларды анықтайды, жоғары тұрған органдарға еңбекпен қамтуды қамтамасыз ету, атаулы әлеуметтік көмек көрсету жөнінде ұсыныс енгізеді.

                                                        6

 

жалғызбасты қарттарға және еңбекке жарамсыз азаматтарға үйінде қызмет көрсетуді ұйымдастырады;

       12) жергілікті әлеуметтік инфракұрылымның дамуына жәрдемдеседі;

       13) коғамдық көлік козғалысын ұйымдастырады;

     13-1) шұғыл медициналық көмек көрсету қажет болған жағдайда ауруларды дәрігерлік көмек көрсететін таяу жердегі денсаулық сақтау ұйымына дейін жеткізіп салуды ұйымдастырады;

  • жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен өзара іс-қимыл жасайды;
  • шаруашылықтар бойынша статистикалық есепке алуды жүзеге асырады;
  • жергілікті бюджетті бекіту (нақтылау) кезінде қала мәслихаты сессияларының жұмысына қатысады:
  • Республикалық маңызы бар калада, астанада, облыстық маңызы бар қалалаларда орналаскан мәдениет мекемелерін қоспағанда, мектепке дейінгі тәрбие беретін және оқытататын ұйымдардың, мәдениет мекемелерінің қызметін қамтамасыз етеді;
  • өз құзыреті шегінде елді-мекендерді сумен жабдыктауды ұйымдастырады, және суды пайдалану мәселелерін реттейді;
  • елді-мекендерді аббаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитариялық тазарту бойынша жұмыстарды ұйымдастырады;

20) туысы жоқ адамдарды жерлеуді және зираттар мен өзге де жерлеу орындарын тиісті қалпында күтіп-ұстау бойынша қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырады.

«Жезқазған кенті әкімінің аппараты» Мемлекеттік мекемесінің басшысы  сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске бағытталған шараларды қабылдауға міндетті және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды қабылдауға дербес жауапты.

        «Жезқазған кенті әкімінің аппараты» Мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызметшілерімен жасалынған сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқықбұзушылықтың әр фактісі бойынша заңнамамен бекітілген тәртіпте басшының қабылданбаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды жүзеге асыру үшін дербес жауапкершілігі қарастырылуға жатқызылады.

Жезқазған кентінің әкімі болмаған кезеңінде оның өкілеттігін қолданыстағы заңнамаға сәйкес, оны алмастыратын тұлға орындайды.

  1. Жезқазған кентінің әкімі орынбасарының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.
  2. «Жезқазған кенті әкімінің аппараты» Мемлекеттік мекемесін әкім басқарады.
  3. Мемлекеттік органның мүлкі

24.«Жезқазған кенті әкімінің аппараты»Мемлекеттік мекемесіиің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.

Мемлекеттік мекеме мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде  сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

 

7

 

  1. «Жезқазған кенті әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
  2. Егер өзге де жағдай заңнамада бекітілмеген болмаса, «Жезқазған кенті әкімінің аппараты» Мемлекеттік мекемесі, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өздігімен иеліктен шығаруға немесе оған өзге де тәсілмен билік етуге құқығы жок.

 

 

  1. Мемлекегтік органды кайта үйымдастыру және тарагу

   27.«Жезқазған кенті әкімінің аппараты» Мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Дата публикации
25 августа 2020