Сәтбаев қалалық қоғамдық кеңесі өз жұмысын Қазақстан Республикасының «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңына және 2023 жылға бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес жүргізеді. Есепті кезеңде Кеңестің 10 отырысы өткізіліп, онда келесі мәселелер қаралды:
- Жылыту маусымының барысы және 2023 жылға жоспарланған жұмыстар туралы;
- Ұлытау ауданының медициналық мекемелерінің қала тұрғындарына медициналық көмек көрсету сапасын арттыру;
- Пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді мемлекет меншігіне қайтару бойынша ағымдағы жұмыстар туралы;
- Тұрғын үй қорының сақталуын қамтамасыз ету және көрсетiлетiн тұрғын үй-коммуналдық қызметтердiң сапасын арттыру жөнiнде қабылданатын шаралар туралы.
Отырысқа дайындық барысында Қоғамдық кеңеспен көшпелі жұмыстар ұйымдастырылды: қаланың медициналық мекемелеріне, онда көрсетілетін қызметтермен, ұйымдардың медициналық жабдықтармен, дәрілік препараттармен жарақтандырылуымен танысты; №1, №2 жылу станцияларында, Сәтбаев жылумен жабдықтау кәсіпорнында алдағы жылыту маусымына дайындық бойынша жөндеу жұмыстарының барысын тексерді; кәріз желілерінің құрылысы жүргізілетін 66, 74 нысандарында болды.
Отырыстар қорытындысы бойынша қоғамдық кеңестің ұсынымдары қабылданып, ол барлық жауапты мекемелерге жіберілді, сондай-ақ Сәтбаев қаласын жылумен жабдықтауды дамыту мәселесі бойынша Қазақстан Республикасының Парламенті Сенатының Ұлытау облысы бойынша депутаты С.Т.Медебаевқа, «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС басқарма төрағасының бірінші орынбасары А.П.Гайдинға, Қазақмыс корпорациясы» ЖШС Басқарма төрағасы Н.Қ.Нұриевке; қаланың медициналық мекемелерін мамандармен қамтамасыз ету бойынша Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрлігіне хаттар жолданды. Олар бойынша тиісті жауаптар алынды. Бұл сұрақтар кеңес мүшелерінің бақылауында.
Қоғамдық бақылау нысандарының бірі - қоғамдық сараптама жүргізу, қалалық қоғамдық кеңесте әкімдік пен мәслихаттың 27 нормативтік құқықтық актілерінің жобасы қаралды, олар бойынша мемлекеттік органдарға 10 ұсыныс беріліп, мақұлданды, бұл ұсыныстар бюджет қаражатын бөлуге қатысты болды.
Қоғамдық кеңес өз жұмысы барысында мемлекеттік мекемелер басшыларының есебін тыңдайды. Ағымдағы жылы келесі мемлекеттік мекеме басшыларының есептері тыңдалды: «Ш.Ділдебаев атындағы Кеншілер сарайы» КМҚК директорының «Мәдени-демалыс жұмыстарын қолдау» бюджеттік бағдарламасын іске асыру туралы»; «Сәтбаев қаласының аумағын санитарлық тазалау, көркейту және көгалдандыру жөніндегі жұмыстарды жүзеге асыру туралы» «Сәтбаев қаласы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, ПТ, АҚ бөлімі» ММ басшысының есебі, «66, 74 кварталдардың кәріз желілерін салу» бюджеттік бағдарламасын орындау сапасы туралы «Сәтбаев қаласының құрылыс бөлімі»ММ басшысының есебі, сондай-ақ полиция бөлімінің «Халықпен өзара іс-қимыл деңгейін арттыру және қызметтің ашықтығын қамтамасыз ету бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы» есебі.
Есептерді қарау нәтижелері бойынша 15 ұсыным әзірленіп, мемлекеттік органдармен орындауға қабылданды.
Есепті кезеңде қоғамдық бақылау жүргізу үшін 4 мониторингтік жұмыс тобы құрылды:
Мониторинг кезінде туындаған сұрақтар мердігерлер мен мемлекеттік органдардың қызметкерлерін шақырумен орнында шешіліп, ескертулер мен ұсыныстар жауапты бөлімдерге және қала әкіміне жазбаша түрде жеткізіледі. Сонымен қатар Қоғамдық кеңес мүшелері мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен орындалатын қалалық бағдарламаларға бақылау жүргізетін облыстық мониторингтік топқа кіреді. Келесі қалалық комиссиялардың құрамына кіреді:
- сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссия (М.С. Мәдиева)
- жер қатынастары жөніндегі комиссия (Ө.Б.Құдаспаев)
- экология жөніндегі комиссия (Ғ.Б.Нұрпейісов)
- тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөліміндегі мемлекеттік сатып алу жөніндегі комиссия (А.М. Тұрлыбек., А.Т.Мулаков).
Қоғамдық кеңес мүшелері облыс және қала әкімдерінің халықпен есептік кездесулеріне белсенді қатысады.
Қоғамдық кеңеске 2 жазбаша өтініш келіп түсті. Бірінші өтініш бойынша шара қабылданып, сұрақ шешілді. Екінші өтініш қарастырылып, қала әкімі атына ұсыныстар енгілізді, тұрғындарға ҚР Заңнамасы сәйкес түсініктемелер берілді.
Ағымдағы жылдың қыркүйек айында қалалық әкімдікте «Сәтбаев қаласының қоғамдық кеңесінің жергілікті атқарушы және мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылы» тақырыбында семинар-тренинг өткізілді. Қоғамдық кеңес мүшелері мен жергілікті атқарушы органдардың өкілдері пікір алмасып, жұмыстарды тиімді жүргізу туралы өз ойларымен бөлісті, сондай-ақ «Қоғамдық кеңес туралы» заңға енгізілген өзгерістерді талқылады.
Қоғамдық кеңестін атқарған жұмыстары жергілікті БАҚ жарияланады, қалалық «Ақшам» телеарнасында есепті кезеңде 4 бейнесюжет шықты, «Шарайна» газетінің беттерінде 4 материал жарияланды. Сондай-ақ, ақпарат Сәтбаев қаласының мәслихаты мен әкімдігінің интернет-ресурстарында және KazKenes сайтында орналастырылады, есепті кезеңде 23 материал орналастырылды, Facebook әлеуметтік желісінде 10 материал жарияланды.
Сәтбаев қаласы
Қоғамдық кеңесіңің төрағасы М.С.Мәдиева