Ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап АХАТ (РАГС) органдары әкімдіктерден «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының қарамағына өтті. Бұл ретте азаматтар үшін қызмет көрсету тәртібі, сондай ақ, оларды қарау мерзімдері өзгерген жоқ.
Бүгінгі күнге дейін АХАТ органдарымен ақылы және тегін қызметтер көрсетіліп келгені белгілі. Яғни, әлеуметтік маңызы бар қызметтер – тууды, қайтыс болуды мемлекеттік тіркеу – бізге өткеннен кейін де тегін болып қалады.
Тек атап өтетіні барлық ақылы қызметтер ҚҚС сомасына (қосылған құн салығына 12 пайызға) көтерілді. Өйткені «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы ҚҚС-тан босатылмаған. Бұл дегеніміз ақылы қызметтердің барлық тарифтеріне плюс 12 пайызды құрайды.
Сонымен қатар АХАТ бөлімдері халыққа қызмет көрсету орталықтарына көшірілмейтіндігін атап өткім келеді.
«Баланың тууын тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілеріне өзгерістер, толықтырулар мен түзеілер еңгізу»;
«Неке қиюды(ерлі-зайыптылықты) тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер еңгізу»;
«Некені (ерлі- зайыптылықты) бұзуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер еңгізу»;
«Қайтыс болуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер еңгізу»;
«Азаматтық хал актілері жазбаларын қалпына келтіру»;
«Азаматтық хал актілері жазбаларды жою»;
«Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайталама куәліктер немесе анықтамалар беру»;
«Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы мәлеметтерді жаңарту».
Тағы бір маңызды атап өтетін мәлімет бүгінде АХАТ мұрағатшылары (архивариус) штатқа толығымен енгізілді. Мұндағы басты міндетіміз – электронды деректер қорын жаңарту. Цифрландыруды тікелей корпорацияның мамандары мен Цифрлық даму министрлігі жүргізеді. Бұл мемлекеттік органдар ақпаратты алып, қажетсіз, бір инстанциядан екінші инстанцияға көшетін таза жаңартылған деректер қорын жасайды. Және де осы дерекқорға АХАТ қызметкерлерінің тар шеңберінен басқа ешкім қол жеткізе алмайды.
Осыған орай, Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік функцияларды жүзеге асыратынын, сонымен қатар, барлық азаматтық хал актілерінде еліміздің мемлекеттік рәміздерін қолдануға заңды түрде рұқсат берілгенін еске саламыз. Сондықтан мемлекеттік корпорация тек АХАТ органдары ғана емес, Қазақстандағы барлық мемлекеттік қызметтердің жеткізушісі екенін ұмытпауымыз керек.
Қортындылай келе, бизнес процестер өзгермейді, жаңа ақпараттық жүйе немесе жаңа қызмет енгізілмейді, мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарға сәйкес әрекет етеді, қызмет көрсету тәртібі мен мерзімі өзгеріссіз қалады. Ең бастысы азаматтық хал актілерін тіркеуді әдіснамалық қамтамасыз ету және бақылау Әділет министрлігінің құзырында болады.
