Сәтбаев қаласы қоғамдық кеңесінің 2023 жылдың бірінші жартыжылдығы бойынша атқарған жұмыстар туралы есебі.

      

Сәтбаев қалалық қоғамдық кеңесі өз жұмысын Қазақстан Республикасының «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңына және 2023 жылға бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес жүргізеді. Есепті кезеңде Кеңестің 5 отырысы өткізіліп, онда келесі мәселелер қаралды:

 - Жылыту маусымының барысы және 2023 жылға жоспарланған жұмыстар туралы;

- Ұлытау ауданының медициналық мекемелерінің қала тұрғындарына медициналық көмек көрсету сапасын арттыру;

- «Ш.Ділдебаев атындағы Кеншілер сарайы» КМҚК директорының «Мәдени-демалыс жұмыстарын қолдау» бюджеттік бағдарламасын іске асыру туралы» есебі;

- «Сәтбаев қаласының аумағын санитарлық тазалау, көркейту және көгалдандыру жөніндегі жұмыстарды жүзеге асыру туралы» «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, ПТ, АҚ және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ басшысының есебі;

- «Сәтбаев қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ мемлекеттік қызметтердің көрсету сапасы туралы.

Отырыстар қорытындысы бойынша қоғамдық кеңестің ұсынымдары қабылданып, ол барлық жауапты мекемелерге жіберілді, сондай-ақ Сәтбаев қаласын жылумен жабдықтауды дамыту мәселесі бойынша Қазақстан Республикасының Парламенті Сенатының Ұлытау облысы бойынша депутаты С.Т.Медебаевқа, «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС басқарма төрағасының  бірінші орынбасары А.П.Гайдинға, Қазақмыс корпорациясы» ЖШС Басқарма төрағасы Н.Қ.Нұриевке; қаланың медициналық мекемелерін мамандармен қамтамасыз ету бойынша Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрлігіне хаттар жолданды. Олар бойынша тиісті жауаптар алынды. Бұл сұрақтар кеңес мүшелерінің бақылауында.

Қоғамдық бақылау нысандарының бірі - қоғамдық сараптама жүргізу, қалалық қоғамдық кеңесте әкімдік пен мәслихаттың 10 нормативтік құқықтық актілерінің жобасы қаралды, олар бойынша мемлекеттік органдарға 2 ұсыныс беріліп, мақұлданды, бұл ұсыныстар бюджет қаражатын бөлуге қатысты болды.

Қоғамдық кеңес өз жұмысы барысында мемлекеттік мекемелер басшыларының есебін тыңдайды. Осы жылдың І жартыжылдығында 2 мемлекеттік мекеме басшысының есептері тыңдалды: «Ш.Ділдебаев атындағы Кеншілер сарайы» КМҚК директорының «Мәдени-демалыс жұмыстарын қолдау» бюджеттік бағдарламасын іске асыру туралы»; «Сәтбаев қаласының аумағын санитарлық тазалау, көркейту және көгалдандыру жөніндегі жұмыстарды жүзеге асыру туралы» «Сәтбаев қаласы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, ПТ, АҚ бөлімі» ММ басшысының есебі. Есептерді қарау нәтижелері бойынша 12 ұсыным әзірленіп, мемлекеттік органдармен жұмыс және шешім қабылдау үшін алынды.

Есепті кезеңде қоғамдық бақылау жүргізу үшін 3 мониторингтік жұмыс тобы құрылды:

  • автомобиль жолдарын орташа жөндеуін бақылау (топ басшысы – кеңес мүшесі А.М.Тұрлыбек);
  • тұрмыстық қатты қалдықтардың жиналуына бақылау жүргізу(топ басшысы – кеңес төрағасы М.С.Мәдиева);
  • жасыл желектерді күтіп ұстау (топ басшысы – кеңес мүшесі А.Т.Мулаков).
  • Мониторинг кезінде туындаған

сұрақтар мердігерлер мен мемлекеттік органдардың қызметкерлерін шақырумен орнында шешіліп, ескертулер мен ұсыныстар жауапты бөлімдерге және қала әкіміне жазбаша түрде жеткізіледі. Сонымен қатар Қоғамдық кеңес мүшелері мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен орындалатын қалалық бағдарламаларға бақылау жүргізетін облыстық мониторингтік топқа кіреді.

Қоғамдық кеңеске 2 жазбаша өтініш келіп түсті. Бірінші өтініш бойынша шара қабылданып, сұрақ шешілді. Екінші өтініш қарастырылып, қала әкімі атына ұсыныстар енгілізді, тұрғындарға ҚР Заңнамасы бойынша түсініктеме берілді.

Қоғамдық кеңестін атқарған жұмыстары жергілікті БАҚ қалалық «Ақшам» телеарнасымен көрсетілді, есепті кезеңде 3 бейнесюжет шықты, «Шарайна» газетінің беттерінде 4 материал жарияланды.     Сәтбаев қаласы мәслихаттының және әкімдігінің интернет-ресурстарында «Қоғамдық кеңес» қойындысы бар, есептік кезеңде онда 16 материал, сондай-ақ  Facebook әлеуметтік желісінде 10 материал орналастырылған.              

 

 

Сәтбаев қаласы                         

Қоғамдық кеңесіңі төрағасы                                             М.С.Мәдиева

Дата публикации
14 июля 2023