«Сәтбаев қаласының кәсіпкерлік және ауылшаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ

«Сәтбаев қаласының кәсіпкерлік және ауылшаруашылық бөлімі»

мемлекеттік мекеменің

ЕРЕЖЕСІ

 

  1. Жалпы ережелер

 

  1. «Сәтбаев қаласының кәсіпкерлік және ауылшаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесі кәсіпкерлік және ауылшаруашылық дамыту саласында басшылықты жүзегі асаратын Қазақстан Республикасың мемлекеттік органы болып табылады.
  2. «Сәтбаев қаласының кәсіпкерлік және ауылшаруашылық бөлімі» мемелкеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және Заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сонда-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
  3. «Сәтбаев қаласының кәсіпкерлік және ауылшаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мортаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес казынашылық органдарында шоттары болады.
  4. «Сәтбаев қаласының кәсіпкерлік және ауылшаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
  5. «Сәтбаев қаласының кәсіпкерлік және ауылшаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
  6. «Сәтбаев қаласының кәсіпкерлік және ауылшаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Сәтбаев қаласының кәсіпкерлік және ауылшаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
  7. «Сәтбаев қаласының кәсіпкерлік және ауылшаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
  8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Қарағанды облысы, 101302, Сәтбаев қаласы, академик Қаныш Сәтбаев даңғылы, 108 үй.
  9. Мемлекеттік органның толық атауы - «Сәтбаев қаласының кәсіпкерлік және ауылшаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесі.
  10. Осы Ереже «Сәтбаев қаласының кәсіпкерлік және ауылшаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылтай қүжаты болып табылады.
  11. «Сәтбаев қаласының кәсіпкерлік және ауылшаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырылады.
  12. «Сәтбаев қаласының кәсіпкерлік және ауылшаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен «Сәтбаев қаласының кәсіпкерлік және ауылшаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тайым салынады

Егер «Сәтбаев қаласының кәсіпкерлік және ауылшаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесінің заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

 

  1. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

 

  1. «Сәтбаев қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекеменің миссиясы кәсіпкерлікті колдау және қорғау, шағын және орта бизнесті дамыту бойынша мемлекеттік саясатты жүзеге асыру, ауыл аймактарын және агроөнеркәсіп кешенін дамытуды мемлекеттік реттеу саласы бойынша біргей мемлекеттік саясатты жүргізу, кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық саласында стратегиялық мемлекеттік жоспарларды жүзеге асыру болып табылады.
  2. Міндеттері:

қаланың аумағында кәсіпкрлік қызмет пен инвестициялық ахуалды дамыту үшін жағдай жасау;

аграрлық сектордың ұтымды және тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету.

  1. Функциялары:

бөлімнің құзыретіне кіретін қаланың әлеуметтік-экономикалық орта мерзімдік жоспарын өндеуге ат салысу;

үдемелі индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдармасын жүзеге асыру мақсатында жобаларды іздеу және жүргізу;

қазақстандық үлесті қамтамасыз ететін ірі жүйе құраушы кәсіпорындар мониторингісін жүргізу;

өнеркәсіп кәсіпорындарындағы негізі капиталды инвестиялау мониторингісін жүргізу;

қаланың шағын кәсіпкерлерімен көрме, байқау, жәрмеңке, көшпелі сауда ұйымдастыру;

қала әкіміне немесе әкім орынбасарына басшылық жасайтын сұрақтар бойынша ақпаратты жинақтау, жалпылау, талдау, дайындау;

қалада шағын кәсіпкерлікті және инновациялық қызметті қолдауың инфрақұрылымдық объектірлерін құруды және дамытуды қамтамасыз ету;

жеке кәсіпкерлікті жергілікті деңгейде мемлекеттік қолдауды камтамасыз ету;

мемлекеттік мекеменің құзыретіне жататын сұпақтар бойынша азаматтар мен заңды тұлғалардың өтініштерің қабылдау, қарау және Қазақстан Республикасының белгіленген заңнамаларына сәйкес  тәртіп пен мерзімде арыз берушіге қабылданған шешім бойынша хабарлау;

мемлекеттің аграрлық саясатын жүзеге асыруға қатысу және ауыл шаруашылығын дамыту бағдарламасын жүзеге асыруда жеке және мемлекеттік құрылымдардың қызметін үйлестіру;

агроөнеркәсіптік кешенінің дамуын және мемлекеттік реттеу саласында мемлекет саясатын жүзеге асыру бойынша ұсыныстар еңгізу;

аумақтың ауыл шаруашылығын дамытудың кешенді бағдарламасын дайындау және оның орындалуын бақылау;

ауыл шаруашылығы техникаларын, тіркемелерін және машиналарын тіркеу және есепке алу;

ауыл шаруашылығы техникаларын, тіркемелерін және машиналарды мемлекеттік техникалық байкаудан откізу;

емтихан қабылдау мен тракторист-машинист куәлігін беру;

жыл сайынғы техникалық байкаудан өту құжаттарының сәйкестігін бақылау;

ауыл шаруашылығы саласы бойынша субсидияларды алу жөнінде ақпарат беру, жеке және заңды тұлғалардан тиісті құжаттарды қабылдау.

  1. Құқықтары мен міндеттері:

әкімге немесе қала әкімдегіне кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық мәселелері бойынша ұсыныс жасауға;

өз құзыреті денгейінде мемлекеттік органдарға қала әкімі орынбасарының келісімі бойынша ақпараттық-аналитикалық ақпараттар дайындауға және ұсынуға;

қалалық атқарушы билік органдарынан, басқару органдарынан, кәсіпорындардан, ұйымдар мен мекемелерден бөлімнің құзыретіне жататын мәселелерді шешуге қажетті материалдарды белгіленген тәртіпте сұратуға және алуға;

әлеуметтік маңызды азық-түлік тауарлар бағасына мониторинг жүргізуге;

өзінің құзыреті шегінде қала әкімінің және әкімдігінің нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын даярлауға;

қала әкімі мен әкім орынбасарларының қатысуымен өтетін қала әкімдігі отырысына, жиналыстарға тиісті мәселелер бойынша қатысуға;

бөлім құзыретіне жататын сұрақтар бойынша қала әкіміне шешімдер, өкімдер мен ұсыныстар жобаларын ұсынуға, белгіленген тәртіпте жиналыс уйымдастыру;

қала бөлімдері мен мекеме мамандарын жобаны өңдеуге, баяндама, ақпарат әзірлеуге қатыстыруға;

Қазақстан Республикасының заңнамаларында көрсетілген құзыреті шегінде заңды және жеке тұлғалармен азаматтық-құқықтық қатынаска түсуге;

кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық жағдайы бойынша ақпараттар, баяндамалар жасау;

инновациялық жобаларды енгізу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;

кәсіпкерлікті және ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдауды жүзеге асыру саясатына қатысу;

жаңадан тіркелген кәсіпкерлерге, шағын және орта бизнес субъектілеріне ақпараттық, тәжірибелік көмек көрсету;

бөлім құзыретіне кіретін барлық сұрақтар бойынша шағын және орта бизнес субъектілерінің мемлекеттік органдармен, басқа ұйымдармен және мекемелермен өзара іс-кимылын үйлестіру;

базарларға төлқұжат беру және категория тағайындау үшін Қарағанды облысы кәсіпкерлік басқармасына құжат дайындау.

 

  1. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

 

  1. «Сәтбаев қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесіне басшылы0ты «Сәтбаев қаласының кәсіпкерлік және ауылшаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
  2. «Сәтбаев қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Сәтбаев қаласының әкімі қызметке тағайындайды және кызметтен босатады.
  3. «Сәтбаев қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасары болады.
  4. «Сәтбаев қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының өқілеттігі:

заңнамаларға сәйкес мемлекеттік мекеме қызметкерлерін қызметке алады және қызметтен босатады;

заңдарда көзделген тәртіпте мемлекеттік мекеме қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолданады және мадақтау бойынша шаралар жүргізеді, еңбек қатынастары бойынша сұрақтарды шешеді;

бұйрықтарға қол қояды;

барлық мемлекеттік мекемелер мен басқа да ұйымдарда мамлекеттік мекеменің атынан өкіл болады;

мемлекеттік қызметті орындауға қатысты емес үшінші тұлғалармен қарым-қатынас кезінде мемлекеттік мекеменің өкілі болу құқығына сенімхат береді.

«Сәтбаев қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

  1. Бірінші басшы өз орынбасарының өкілеттігінқолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.

 

  1. Мемлекеттік оранның мүлкі

 

  1. «Сәтбаев қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

«Сәтбаев қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік несі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінже сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тайым салынбаған өзге де көздер есенбінен қалыптастырылады.

  1. «Сәтбаев қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
  2. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Сәтбаев қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесі, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

 

  1. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

 

  1. «Сәтбаев қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Дата публикации
06 июля 2020