«Сәтбаев қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ

Сәтбаев қаласы әкімдігінің

2016 жылғы 27 сәуір№ 13/88

қаулысымен бекітілген

 

«Сәтбаев қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ережесі

 

  1. Жалпы ережелер
  2. «Сәтбаев қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі білімді дамыту аясында мемлекеттік саясат саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
  3. «Сәтбаев қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіөз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілеріге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
  4. «Сәтбаев қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланклері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарда шоттары болады.
  5. «Сәтбаев қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
  6. «Сәтбаев қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
  7. «Сәтбаев қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз құзіретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен мекеме басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа актілермен рәсімделетін шешімдер қабылдайды.
  8. «Сәтбаев қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес қала әкімімен бекітіледі.
  9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Қарағанды облысы, 101301, Сәтбаев қаласы, академик Қаныш Сәтбаев даңғылы, 111 үй.
  10. Мемлекеттік мекеменің толық атауы - «Сәтбаев қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі
  11. Осы ереже «Сәтбаев қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
  12. «Сәтбаев қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырылады.
  13. «Сәтбаев қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен мекеме функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер «Сәтбаев қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілерімен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда ондай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірістеріне жіберіледі. 

 

  1. Мемлекеттік мекеменің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

 

  1. «Сәтбаев қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің миссиясы: сапалы білім беру қызметін көрсету, білім саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру.
  2. Міндеттері:

азаматтардың білім алуға Конституциялық құқығын қамтамасыз ету, ұлттық және азаматтық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, демографиялық ерекшелеіктерді ескере отырып мектепке дейінгі, міндетті орта білім беру саласында біріңғай мемлекеттік саясатты жүзеге асыру;

білім беру бағдарламаларын меңгеру үшін, мүмкіндігі шектеулі балалардың жағдайын қоса алғанда, жағдайлар жасау;

оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу;

әр түрлі және көп функциялы білім беру ұйымдарының тиімді дамуына жәрдемдесу;

балаларды, оқушы жастарды білім беру қызметкерлерін әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ету

қаланың білім беру ұйымдарын қаржымен қамтамасыз ету жағдайын жақсарту, материалдық техникалық базасын қалыптастыру және дамыту;

жастарды тәрбиелеу саласында мемлекеттік біртұтас саясатты жүзеге асыру;

ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларды анықтау, бұндай балалардың және ата-ана қамқорлығы жойылуының нақты жағдайларына сүйеніп алғашқы есеп жүргізу, балаларды орналастыру нысанын таңдау, бұндай жағдай болмағанда – жетім балалар мен қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мемлекеттік мекемеге орналасытру;

анықталған тәртіпте мүмкіндігі шектеулі немесе ақылдан адасқан немесе есі ауысқан деп танылған тұлғалардың, ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалардың, кәмелет жасқа толмағандардың мүлкін хаттауды жасау, сонымен қатар денсаулық жағдайы бойынша өз құқықтарын еркін қорғай алмаған және өз міндеттерін орындай алмайтын, анықталған тәртіпте қаза болған немесе хабарсыз кеткен және кәмелетке толмаған тұлғалардың мүлкін хаттау;

кәмелетке толмаған балалардың хатталған мүлкін қорғау үшін шаралар қолдану;

жетім балалар және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар үшін мемлекеттік органдардың әрекеттеріне қадағалау үйлестіру және жүзеге асыру;

мемлекеттік қызметін көрсету, мемлекеттік қызметін көрсету бойынша мониторинг жүргізу.

  1. Функциялары:

мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балалардың есебін жүргізеді және олардың орта білім алғанға дейінгі оқуын ұйымдастырады;

ата-анасының қамқорлығынсыз қалған кәмелетке толмағандарғақамқоршылық және қорғаншылық жасауды ұйымдастыру, оларды балалар үйлеріне немесе интернаттық ұйымдарға орналастырады;

меншік нысандары мен ведомствалық бағыныстылығына қарамастан жергілікті бағыныстағы білім беру ұйымдарына оқу – тәрбие үрдісі мазмұнының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары талаптарына сәйкес келуіне уақытылы бақылау жасауды ұйымдастырады және оны өз құзіреті шегінде жүргізіп отырады;

мектепке дейінгі, жалпы орта білім беру мәселелері бойынша жоғары тұрған органдарға статистикалық есеп беріп отырады;

педагогикалық кадрлардың біліктілігін көтеру, қайта даярлау қабілеттілік есебін жүргізуді жоспарлау және жүргізу;

әдістемелік кабинет арқылы қалалық деңгейде оқу – тәрбиелеу үрдісін әдістемелік қамтамасыздандыру;

білім мекемелерінің қызметін сараптайды, алдағы уақытта олардың дамуына болжам жасайды, өз құзіретіндегі білім мекемелерінің озық педагогикалық жаңашылдықтарын зерттейді және таратады;

«Сәтбаев қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі құзіретіне кіретін мәселелер бойынша білім Басқармасы, облыстық Департамент және Басқармалармен ақпараттық байланысты қамтамсыз етеді;

  1. Құқықтары мен міндеттері:

өз функцияларын орындау мақсатында белгіленген тәртіп бойынша мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, мекемелерден, кәсіпорындардан және лауазымды тұлғалардан қажетті ақпаратты алуға;

мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың қызметшілерін келісім бойынша мекеме құзіретіне жататын мәселерді дайындауға қатыстыру, тиісті ұсыныстар әзірлеуүшін уақытша жұмыс топтарын құруға;

мемлекеттік органдардың білім саласында қызметін ұйымдастыруды жетілдіру туралы ұсыныстар енгізуге, мекеменің құзырына жататын мәселелер бойынша ақпараттық-талдау және өзге де материалдарды дайындауды жүзеге асыруға;

тиісті мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғаларға мекеме қызметінің аясына жататын тапсырмалар беруге, олардың орындалуын бақылауға, сондай-ақ орталық және жергілікті атқарушы органдар жүргізетін сұрақтар туралы қатысуға ұсыныстар енгізуге;

адам құқықтары мен өзге де сұрақтар сақталған, білім мәселелері құзіретіне кіретін, білім мекемесінің лауазымды тұлғаларына ұжымдық, әдістемелік, ақпараттық және басқа да көмек көрсетуге.

 

  1. Меклекеттік мекеменің қызметін ұйымдастыру
  2. «Сәтбаев қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшылықты жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
  3. «Сәтбаев қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке қала әкімімен тағайындалады және қызметтен босатылады.
  4. «Сәтбаев қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасары болады.
  5. «Сәтбаев қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттілігі

мекеменің жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық жүргізеді және мекемеге жүктелген тапсырмалардың орындалуына дербес жауапты болады;

өз қызметін біріңғай басшылық принципімен атқарады және Қазақстан Республикасының Заңдары мен осы Ережеде белгіленген өзінің құзіретіне сәйкес мекеме мәселелерін дербес шешеді;

мекеме қызметкерлерінің және білім беру ұйымдарының басшыларының функцияналдық міндеттері мен өкілеттіктерін бекітеді;

мекеме алда тұрған және ағымдағы жұмыс жоспарларын бекітеді;

мекеме қызметкерлеріне марапаттау, көтермелеу шараларын және тәртіптік жаза қолданады;

барлық қызметкерлер үшін орындауға міндетті бұйрықтар шығарады, нұсқаулар береді және қызметтік құжаттарға қол қояды;

жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мектепке дейінгі тәрбие және білім беру ұйымдарының, мектептен тыс ұйымдар мен орта білім беру ұйымдарының басшыларын конкурстық негізде тағайындайды және қызметтен босатады;

азаматтармен жеке қабылдау жүргізеді, жемқорлыққа қарсы күрес бойынша ісшараларды ұйымдастыруға дербес жауапты болады;

мекеме атынан сенімхатсыз іс әрекет етеді;

барлық ұйымдарда, мекемелерде және кәсіпорындарда меншік нысанына қарамастан мекеменің мүлдесін қорғайды;

шарттар жасасады ;

сенімхаттар береді;

мекеменің іс-сапар, тағылымдар, республикалық және шет елдік оқу орталықтарында және біліктілікті көтерудің түрлері бойынша мекеме қызметкерлерін оқытудың тәртібі мен жоспарларын бекітеді;

Қазақстан Республикасы заңнамаларында, осы  Ережеде жүктелген басқа да функцияларды жүзеге асырады.

“Сәтбаев қаласының білім бөлімі” мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.

 

  1. Мемлекеттік мекеменің мүлкі
  2. “Сәтбаев қаласының білім бөлімі” мемлекттік мекемесі заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.

“Сәтбаев қаласының білім бөлімі” мемлекеттік мекемесі мүлкі оған меншік иесі берген мүлік , содай-ақ өз қызметінің нәтижесінде сатып алынған мүлік ақшалай кірістерді қоса алғанда және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырады.

23.“Сәтбаев қаласының білім бөлімі” мемлекеттік мекемесіне, бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

  1. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Сәтбаев қаласының білім бөлімі” мемлекеттік мекемесі, өзіне бекітілгенмүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

 

  1. Мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және тарату
  2. “Сәтбаев қаласының білім бөлімі” мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Дата публикации
05 июля 2020