"Сәтбаев қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ

  1. Жалпы ережелер
  2. «Сәтбаев қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі мәдениет және тіл саясаты салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
  3. «Сәтбаев қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік- құқықтық актілерге, сондай-ақ осы ережеге сәйкес жүзеге асырады.
  4. «Сәтбаев қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарда шоттары болады.
  5. «Сәтбаев қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
  6. «Сәтбаев қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемелекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
  7. «Сәтбаев қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Сәтбаев қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
  8. «Сәтбаев қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
  9. Заңды тұлғаның орналаласқан жері: Қазақстан Республикасы, Қарағанды облысы, 101301, Сәтбаев қаласы, академик Қаныш Сәтбаев даңғылы, 111 үй.
  10. Мемлекеттік органның толық атауы – «Сәтбаев қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі.
  11. Осы Ереже «Сәтбаев қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
  12. «Сәтбаев қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырылады.
  13. «Сәтбаев қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субьектілермен  «Сәтбаев қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады. Егер «Сәтбаев қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

 

 

  1. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері.

 

  1. «Сәтбаев қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің миссиясы:

қала аумағындағы  экологиялық, тарихи, мәдени немес ғылыми құндылығы бар табиғи және өзге де обьектілерді табиғаттың, тарих пен мәдениеттің қорғалатын ескерткіштері деп жариялау туралы ұсыныс енгізу;

қала тұрғындарына заман талабына сай мәдени ортаны және азаматтардың әлеуметтік оптимизмдерін қалыптастыруға ықпал ететін мәдениет саласында қолжетімді және сапалы қызмет ұсыну;

мемлекеттің тілдің кеңінен қолданылуын және қалада тұрып жатқан барлық этностардың тілдерін сақтауды қамтамасыз ететін үйлесімді тіл саясатын жүргізу;

  1. Міндеттері:

мәдениет саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру;

саз, хареографиялық, театралдық, бейнелеу және өнердің басқа да түрлерінің дамуына жағдай жасау;

мемлекеттік тілді дамытуды басты назарға ала отырып,қала аумағында тұратын халықтардың тілдерін дамытуға және үштілділік принципін қолдану мен таратуға бағытталған мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру;

қала тұрғындарының тіл мәдениеті деңгейін арттыру.

  1. Функциялары:

жергілікті атқарушы органдарға театрлық, музыкалық және кино өнері, кітапхана және мұражай ісі, мәдени-сауық жұмысы саласындағы  мемлекеттік мәдени ұйымдарды құру туралы ұсыныс енгізу, сонымен қатар олардың қызметін қолдау мен үйлестіруді жүзеге асыру;

жергілікті маңыздағы тарихи, материалдық және рухани мәдениет ескерткіштеріне санақ жүргізу, қорғау және пайдалану бойынша жұмысты ұйымдастыру;

қалалық мәдени мекемелердің қызметкерлерін аттестациялауды өткізу;

қаланың мәдени нысандарын салу, жөндеу және қалпына келтіру бойынша ұсыныстарды енгізу;

тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасын қала аумағында жүзеге асыру бойынша іс-шаралар жоспарын әзірлеу және орындалуын қамтамасыз ету;

мемлекеттік және басқа тілдердідамытуға бағытталған қалалық іс-шараларды өткізу;

тиісті органдарға ауылдарды (селоларды), кенттерді, ауылдық (селолық) округтерді, қаланың құрамды бөліктерін атау және қайта атау, оған қоса транскрипциясын өзгерту бойынша ұсыныстарды енгізу;

тіл туралы заңнамаларда белгіленген талаптардың бұзылуын жою туралы ұсынымдар жасау, Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамаларында белгіленген талаптардың бұзылуына кінәлі лауазымды тұлғаларды әкімшілік жазаға тарту шаралары туралы құзырлы органдарға ұсыныс жасау.

  1. Құқықтары мен міндеттері:

мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардан, өзге де ұйымдармен азаматтардан белгіленген тәртіппен өз функцияларын орындауға қажетті ақпаратты сұрауға, мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың қызметкерлерін мемлекеттік мекеме құзыретіне жататын сұрақтарды дайындауға тарту, тиісті ұсыныстарды әзірлеу үшін уақытша жұмыс топтарын құруға;

мәдениет және тілдерді дамыту қызметін жетілдіру жөніндегі әкімге ұсыныстар енгізуге;

тиісті мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғаларға мемлекеттік мекеменің қызметіне қатысты тапсырмалар беру, олардың орындалуын бақылау, сондай-ақ орталық және жергілікті атқарушы органдар өткізетін іс-шараларға қатысуға;

қолданыстағы заңдарда көрсетілген басқа да құқықтарды жүзеге асыруға;

мәдениет және тіл саясаты мәселелері бойынша барлық мекемелер, мемлекеттік органдар, ұйымдармен өзара іс-қимыл жасауға;

қала тұрғындарының мемлекеттік тілді еркін және тегін меңгеруіне қажетті барлық ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық жағдайларды жасайды.

 

  1. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру
  2. «Сәтбаев қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесіне басшылықты «Сәтбаев қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
  3. «Сәтбаев қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Сәтбаев қаласының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
  4. «Сәтбаев қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттігі:

заңнамаға сәйкес «Сәтбаев қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;

заңнамамен белгіленген тәртіппен «Сәтбаев қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесіне қарасты ұйымдардың басшыларын лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;

«Сәтбаев қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесіне қарасты ұйымдардың басшыларының орынбасарларын лауазымға тағайындау және лауазымнан босату бөлім басшысының келісімімен жүзеге асырылады.;

заңмен белгіленген тәртіпте «Сәтбаев қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін көтермелеу және тәртіптік жазаға тарту шараларын қолданады, еңбек қарым- қатынасы сұрақтарын шешеді.;

бұйрықтар шығарады;

барлық мемлекеттік органдарда және басқа да ұйымдарда «Сәтбаев қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мүддесін қорғайды;

мемлекеттік функцияларды атқаруға қатысы жоқ үшінші тұлғалармен байланыстарда «Сәтбаев қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мүддесін қорғауға құқық беретін сенімхат береді;

азаматтарды жеке қабылдауды жүзеге асырады;

қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзге де өкілеттіліктерді жүзеге асырады.

«Сәтбаев қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

 

  1. Мемлекеттік органның мүлкі

 

  1. «Сәтбаев қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.

«Сәтбаев қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

  1. «Сәтбаев қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
  2. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Сәтбаев қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландару жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

 

  1. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

 

  1. «Сәтбаев қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Дата публикации
05 июля 2020