«Сәтбаев қаласының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ

      1.  

         

        «Сәтбаев қаласының жер қатынастары,

        сәулет және қала құрылысы бөлімі»

        мемлекеттік мекемесінің

        Е Р Е Ж Е С І

         

        1. Жалпы ережелер

                                                                              

        1. «Сәтбаев қаласының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі (әрі қарай Мемлекеттік мекеме) әкімшілік-аумақтық бірлікте қала аумағында жер қатынастарын реттеуде және жер ресурстарын басқаруда, сәулет және қала құрылысы саласында мемлекеттік саясатты басшылыққа алып жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
        2. Мемлекеттік мекеме өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
        3. Мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбасы, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
        4. Мемлекеттік мекеме азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
        5. Мемлекеттік мекеме егер заңнамаға сәйкес осыған мемлекеттік мекеме уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
        6. Мемлекеттік мекеме өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен басшысының мемлекеттік мекеме бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
        7. Мемлекеттік мекеме құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
        8. Заңды тұлғаның орналасқан жері Қарағанды облысы, Сәтбаев қаласы, академик Қаныш Сәтбаев даңғылы 108, индекс 101302.
        9. Мемлекеттік органның толық атауы – «Сәтбаев қаласының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» - мемлекеттік мекемесі.
        10. Осы Ереже мемлекеттік мекеменің құрылтай құжаты болып тыбылады.
        11. Мемлекеттік мекеме қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

                             

         

         

         

        1. Мемлекеттік мекемеге кәсіпкерлік субъектілерімен   функциялары болып табылатын мемлекеттік мекеме міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

                

        1. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері.

         

        1. Мемлекеттік мекеме миссиясы:

        Сәтбаев қаласының аумағында жер қатынастарын реттеуде және жер ресурстарын басқаруда, сәулет және   қала құрылысы саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асырады.                   

        1. Міндеттері:

        1) Жер учаскелерін ұтымды және тиімді пайдалану бойынша іс шаралар қолдану;

        2) Сәтбаев қаласы аумағында жер ресурстарын басқару және жер қатынастарын реттеу саласында, сонымен қатар сәулет және қала құрылысы  қызметік саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты жүргізу;

        3)   заңмен белгіленген тәртіппен бекітілген қаланың бас жоспарын, Сәтбаев қаласы аумағын қала құрылыстық жоспарлаудың кешенді сұлбасын (жоспарлау жобасын) жүзеге асыру қызметін үйлестіру.

        Функциялары:

        1) иесі жоқ  жер учаскелерін анықтау  және оларды  есепке алу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;

        2) ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органының жер учаскелерін беру және олардың нысаналы мақсатын өзгерту жөніндегі ұсыныстары мен шешімдерінің жобаларын дайындау;

        3) жер қойнауын пайдаланудың мемлекеттік геологиялық зерттеуге және барлауға байланысты мақсаттары үшін жер учаскелерін беру жөніндегі аудандық атқарушы органның ұсыныстары мен шешімдерінің жобаларын дайындау;

        4) мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін мәжбүрлеп иеліктен шығару жөнінде ұсыныстар дайындау;

           5)  жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау;

                   6) мемлекет жеке меншікке сататын нақты жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын бекіту;

           7) жерге орналастыруды жүргізуді ұйымдастыру және жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту;

           8) жерді аймақтарға бөлу жобаларын және аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жерін ұтымды пайдалану жөніндегі бағдарламаларды, жобалар мен схемаларды әзірлеуді ұйымдастыру;

          9) елді мекендер аумағының жер-шаруашылық орналастыру жобаларын әзірлеуді ұйымдастыру;

        10) жер сауда-саттығын (конкурстар, аукциондар) жүргізуді ұйымдастыру;

        11) жерді пайдалану мен қорғау мәселелеріне қатысты қалалық, аудандық бағдарламалардың, жобалар мен схемалардың сараптамасын жүргізу;

        12) аудандардың, (облыстық маңызы бар қалалардың) жер балансын жасау;

        13) жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың, сондай-ақ жер құқығы қатынастарының басқа да субъектілерінің есебін жургізу;

        14)  ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің паспорттарын беру;

        15) жер учаскесін сатып алу-сату шарттары мен жалдау және жерді уақытша өтеусіз пайдалану шарттарын жасасу және жасалған шарттар талаптарының орындалуын бақылауды жүзеге асыру;

        16) Қазақстан Республикасының Жер Кодексінің 71 бабына сәйкес ауданның (облыстық маңызы бар қаланың)  жергілікті атқарушы органының іздестіру                                                 жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін пайдалануға рұқсат беруі жөнінде ұсыныстар дайындау;

        17) ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екіншісіне ауыстыру жөнінде ұсыныстар дайындау;

                 18) жерді резервке қалдыру жөніндегі ұсыныстарды дайындау;

                 19) жерді пайдалану мен қорғау жөніндегі жерге орналастыру жобаларының орындалуына мемлекеттік бақылауды ұйымдастыру  және жүргізу;

                 20) пайдаланылмай жатқан және Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылып  жатқан жерді анықтау;

                  21) жер-кадастрлық жоспарды бекіту;

           22) қаланың заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген бас жоспарын, заңнамада белгіленген тәртіппен қала ықпал ететін аймаққа жатқызылған іргелес жатқан аумақтарда қала құрылысын жоспарлаудың кешенді схемасын (аудандық жоспарлау жобасын) іске асыру жөніндегі қызметті үйлестіру;

          23) қаланың бас жоспарының жобасын, қала шегі мен қала маңы аймағының шекараларын, сондай-ақ ведомстволық бағынысты әкімшілік аудандардың және серіктес елді мекендердің шекараларын белгілеу және өзгерту жобаларын әзірлеуді ұйымдастыру және қала мәслихатының мақұлдауына ұсыну;

           24) қала құрылысы құжаттамасын, сондай-ақ қала аумағын абаттандыру және инженерлiк жағынан қамтамасыз ету қағидаларын тиiстi мәслихаттарға бекiтуге ұсыну;

           25) қалалық мәслихатқа тұрғын үй қорын, өзге де ғимараттар мен тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы құрылыстарды, инженерлік коммуникацияларды, тарих және мәдениет ескерткіштерін, мемлекеттік табиғи-қорық қорының жергілікті маңызы бар объектілерін сақтау және күтіп-ұстау ережелерін белгілеу жөнінде ұсыныстар енгізу;

           26) құрылыс салу не өзге де қала құрылысы өзгерістері туралы халыққа хабарлап отыру;

            27) мемлекеттік қала құрылысы кадастрының дерекқорына енгізу үшін белгіленген тәртіппен ақпарат және (немесе) мәліметтер беру;

            28) қала және қала маңы аймағының қала құрылысы жобаларын, егжей-тегжейлі жоспарлау және құрылыс салу жобаларын бекіту және іске асыру;

            29) ведомстволық бағынысты аумақта құрылыс салуға немесе өзге де қала құрылысын игеруге арналған жер учаскелерін таңдау, беру, ал заңнамалық актілерде көзделген жағдайларда, мемлекеттік қажеттер үшін алып қою жөнінде шешімдер қабылдау;

            30) аумаққа құрылыс салу, құрылыстарды, ғимараттарды, құрылысжайларды, инженерлiк және көлiктік коммуникацияларды кеңейту, техникалық қайта жарақтандыру, жаңғырту, реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау, қайта бейіндеу), қалпына келтiру және күрделi жөндеу туралы, сондай-ақ аумақты инженерлiк жағынан дайындау, абаттандыру және көгалдандыру, аяқталмаған құрылыс объектілерін консервациялау, жергілікті маңызы бар объектілерді кейiннен кәдеге жарату жөнiндегі жұмыстар кешенiн жүргiзу туралы шешiмдер қабылдау;

           31) объектілерді пайдалануға қабылдау актілерін, сондай-ақ пайдалануға берілетін объектілерді (кешендерді) есепке алуды жүргізу;

           32) тұрғын үй қорын, коммуникацияларды, тарих және мәдениет ескерткіштерін, мемлекеттік табиғи-қорық қорының объектілерін сақтауды және олардың нормативтік күтіп-ұсталуына (қолданылуына, пайдаланылуына) бақылау ұйымдастыру;

           33) салынып жатқан (салынуы белгіленген) объектілер мен кешендердің мониторингін сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жүргізу;

        34) қала аумағында сәулет-құрылыстық бақылау жөніндегі мемлекеттік органдардың жұмыстарына көмек көрсету;

        35)  Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына және нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жер учаскелеріне, ғимараттарға (құрылыстарға) реттік нөмірлер тағайындау саласында ісшараларды іске асыру;

        36)  Қазақстан Республикасының заңына сәйкес жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша сәулеттік-жоспарлау тапсырмаларды дайындау;

        37)  қала аумағының түр түсіне, шағын сәулеттік объектілеріне, сәулеттік композициясына, қаланы безендіру элементтеріне, жарнамалық объектілерді тұрақты орналастыруға талдау жүргізу және Сәтбаев қаласының әкіміне тиісті ұсыныс беру;

        38)  Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Сәтбаев қаласының аумағында жүзеге асыру үшін сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметінің барлық субъектілерімен әзірленген сәулет-құрылыс құжаттарын келісу;

        39)  Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кейіннен кәдеге жарату нәтижелері бойынша объектілердің ( бұзу) болмауы туралы құжаттар (анықтама) береді;

        40)  қолданыстағы объектілерді (қайта жаңарту, қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) өзгертуге рұқсат береді;

        41) салынып жатқан (салынуы белгіленген) объектілер мен кешендердің мониторингін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен жүргізу;

        42) «Мекен-жай» тіркелімі АЖ-нің қорын толықтыру бойынша жұмыстарды  жүргізу;

        43) өз бетімен немесе бекітілген қала құрылысы құжаттарын, құрылыс жобаларын, рұқсатнамалық құжаттарды, техникалық шарттарды бұзып, кешендер мен нысандар құрылысын салу деректері анықталғанда, кінәлі тұлғаларға әкімшілік жауапкершілік, ал Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс заңнамаларын, құрылыс нормалары мен ережелерін, мемлекеттік                  және  жергілікті  атқарушы органдардың қаулыларын  бұзуда,  заңда  қарастырылған     қылмыстық жауапкершілік қолдануды қарастыру үшін өкілетті органдарға материалдар дайындап, жолдау;

        44) барлық сәулеттік-құрылыс және басқада сәулет, қала құрылысы және құрылысы қызметі субъектілерімен жасалған құжаттамаларды Сәтбаев қаласы аумағында жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес келістіру;

        45) сыбайлас жемқорлыққа жол  ашатын іс-әрекеттерге қарсы бағытталаған іс-шараларды өз құзырлығы шегінде жүзеге асыру, тиісті іс-шараларды әзірлеу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы өңірлік және қалалық іс-шаралар жоспарының мүлтіксіз орындалуын қамтамасыз ету;

        46) Сәтбаев қаласы әкімі аппаратындағы іс жүргізу нұсқаулығына сәйкес құжат айналымының жүргізілуін қамтамасыз ету;

        47) іс бойынша тарап ретінде қатысқан азаматтық сот істеріне мониторинг жүргізу, сонымен қатар сотқа талап-арыз беру себептерін анықтау мақсатында берілген іс мәліметтеріне талдау жасауды жүзеге асырып, ақпарат пен тиісті ұсынымды қала әкіміне ұсыну;

        48) бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі ретінде бюджеттік бағдарламалардың жүзеге асырылу мен нәтиже қорытындысын негіздеу, жоспарлау жұмыстарына жауапкершілік атқару;

        49) қызмет көрсету мен жұмысты мемлекеттік сатып алу келісім – шарттарының орындалуына, бюджеттен бөлінген қаражаттың игерілуіне мониторинг және бақылау жасауды қамтамасыз ету;

        50) мемлекеттік қызметтерді көрсету;

        51) Сәтбаев қаласы әкімі мен әкімдігінің тапсырмаларын, шешімдерін, тапсырыстарын мүлтіксіз орындау үшін шаралар қарастыру;

        52) мемлекеттік мекеме  құзыретіне жататын мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалардын жүгінулерін қабылдау, қарау және  Қазақстан Республикасының заңдылығында бекітілген тәртіпте және мерзімде қабылданған шешім жөнінде өтініш иелеріне хабарлау;

        53) жер қатынастары, сонымен қоса сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі жөніндегі барлық мәселелер бойынша қала аумағында, оның ішінде сот ісінде және даулы мәселелерде қоса, қарастырғанда қала әкімі мен әкімдігінің мүддесін қорғау;

        54)жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.

        16.Құқықтары мен міндеттері:

        1) бекітілген заңдылық тәртіпте ұйымдардан, мемлекеттік органдардан мемлекеттік мекеменің құзыретіне жататын керекті ақпараттарды және құжаттарды және басқа да мәліметтерді лауазымды тұлғалардан сұрату және алу;

        2) Сәтбаев қаласы әкімдігінің жер туралы заңдарға қайшы келетін шешімдерінің күшін жою туралы ұсыныстар енгізуге;

        3) заң актілерімен қаралған негіздемелер бойынша жер телімдеріне меншік құқығы мен жерді пайдалану құқығын тоқтату туралы мәселе қарауға Сәтбаев қаласы әкімдігіне ұсыныстар жасауға;

        4) мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарына және регламенттеріне қолжетімділікті қамтамасыз ету;

        5) мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы мемлекеттік қызмет тұтынушыларының хабардар болуын қамтамасыз ету;

        6) әрекет ететін заңды актілермен қарастырылған басқа да құқықтарды жүзеге асыру.

         

        1. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру.

         

        1. Мемлекеттік мекеменің басшылықты мемлекеттік мекемеге жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.
        2. Мемлекеттік мекеменің басшысын қала әкімдігінің келісімімен қала әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
        3. Басшы құзыреті:

        1) өзінің қызметкерлерінің құзыреті мен міндеттерін анықтау;

        2) заңнамаға сәйкес мемлекеттік мекеменің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

        3) бекітілген заңдылық тәртіпте мемлекеттік мекеме қызметкерлеріне тәртіптік жаза және ынталандыру бойынша шараларды қолданады, еңбек қатынастарының сұрақтарын шешеді.

        4) бұйрықтарға қол қояды;

        5) барлық мемлекеттік органдарда және басқа да ұйымдарда мемлекеттік мекеменің атынан сөйлейді;

        6) мемлекеттік функцияларды атқарумен байланысты емес, үшінші жақтарға қатысты мемлекеттік мекеме атынан шешім кабылдауға сенімхат береді.

        1. Мемлекеттік мекеменің басшысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған шараларды қабылдауға міндетті және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды қабылдауға дербес жауапты болады.

        Мемлекеттік мекеменің мемлекеттік қызметшілері сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылықтар жасаудың әр фактісі бойынша, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды қабылдамағаны үшін немесе тиісті емес орындағаны үшін заңдарда белгіленген тәртіпте басшысының  дербес жауаптылығы қаралуы тиіс.

         

        1. Мемлекеттік органның мүлкі.

         

        1. Мемлекеттік мекеме заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болу мүмкін.
        2. Мемлекеттік мекеменің мүлкi оған меншік иесі берген мүлiк, сондай-ақ мемлекеттік мекеме өз қызметі нәтижесінде сатып   алынған        мүлік     (ақшалай                                                        

        кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады;

        1. Мемлекеттік мекеме бекiтiлген мүлiк коммуналдық меншiкке жатады;
        2. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, мемлекеттік мекеме өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.

         

        1. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

         

        1. Мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

                       

Дата публикации
03 июля 2020