Сәтбаев қалалық сайлау комиссиясының акпараты
Қазіргі электоралдық уақытта мәслихаттар депутаттығына кандидаттардың үгіт жұмысының белгілі бір кезеңі жүріп жатыр.
Сәтбаев қаласындағы барлық 28 сайлау учаскесі ашық, жұмыс кестесі күнделікті сағат 10-нан 20 сағатқа дейін, сенбі, жексенбі күндері сағат 10-нан 18.00 ге дейін үзіліссіз. Осы кезеңде учаскелік комиссиялар сайлаушыларға дауыс беру орны мен уақыты туралы хабарлау аяқталып келеді.
Барлық сайлау учаскелеріне сайлаушылардың тізімдері берілді. Қала тұрғындарының тізімдермен танысуға және оларға енгізілген деректердің дұрыстығын тексеруге мүмкіндігі бар.
Одан өзге, осы сұрақ бойынша азаматтар call –орталығына 3- 79-86 телефоны арқылы хабарласуларына болады.
Сайлау учаскесін іздеу бойынша қызметтің жаңа түрі пайда болды, https://t.me/ulytau_sailau_bot сілтемесі арқылы тұрғындар ЖСН арқылы өздерінің сайлау учаскесінің нөмірі, сонымен қатар қалалық, облыстық мәслихаттары мен Қазақстан Республикасы Мәжілісі депутаттығына тіркелген кандидаттар туралы ақпарат таба алады.
Аталмыш сайлау науқанында сайлау учаскесінің орналасқан жері мен нөмірін нақтылау ерекше маңызды болып табылады. Өйткені сайлау округтерін құру кезінде кейбір үйлер бір учаскеден басқа сайлау учаскелерінің шекараларына енгізілді. Учаскелердің нөмірлері туралы ақпарат дауыс беруге арналған шақыруларда және тіркеу орындары бойынша ақпараттық парақшаларда көрсетілген.
Сайлаушы өзінің болу орнын ауыстырған кезде учаскелік сайлау комиссиясы сайлаушының өтініші бойынша және ол жеке басын куәландыратын құжатын көрсеткен кезде сайлаушыға дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәлігін табыс етеді.
Егер азамат облыстан тыс жерге шығатын болса, оған партиялық тізімдер бойынша сайланатын ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлауға дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәлігі ғана беріледі.
Егер азамат Ұлытау облысы бойынша басқа елді мекендерге шығатын болса (мысалы: Жезқазған, Қаражал, Жаңаарқа, Ұлытау), 3 есептен шығару куәлігі беріледі:
Дауыс беретін күні әрбір сайлаушы 5 сайлау бюллетенін алады:
Құрметті сайлаушылар! Сіздерді 2023 жылғы 19 наурыз күні сағат 7.00-ден 20.00-ге дейінгі аралықта сайлау учаскелерінде күтеміз!
Өз таңдауларыңызды жасаңыздар!
Сәтбаев қалалық сайлау
комиссиясы төрағасының
орынбасары М.Есмурзаева