Байқаушылармен өткен
семинар туралы
Сәтбаев қалалық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Есмурзаева М.П. ағымдағы жылдың 4 наурызында Сәтбаев қаласының оқушылар Сарайының мәжіліс залында өткен саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктерден ұсынылған байқаушыларға арналған семинар-тренингке қатысты.
Қалалық сайлау комиссиясының өкілі семинарға қатысушыларға Қазақстан Республикасының сайлау заңдылықтарына енген өзгерістер, алдымыздағы сайлаудың ерекшеліктері және Сәтбаев қаласының сайлау жүйесі туралы мағлұмат берді. ҚР Мәжіліс Парламенті мен мәслихаттар депутаттарын сайлауға дайындық кезеңіндегі қалалық, округтік және учаскелік сайлау комиссияларының жұмысы туралы баяндалды.
Сонымен қатар, дауыс беретін күнгі байқаушылардың құқықтары мен міндеттері туралы сөз болды.