Сәтбаев қалалық сайлау комиссиясының ақпараты

Электоралдық  кезең  басталғаннан  бері  Сәтбаев қаласының  аумақтық комиссиясы сайлау  процесіне  қатысушылар  үшін  бірқатар семинарлар өткізді.

Бүгін 3 наурыз  күні  қалалық сайлау комиссиясы  учаскелік сайлау комиссияларының   хатшылары  үшін  оқыту семинарын   ұйымдастырды.

Семинар барысында Орталық сайлау комиссиясы бекіткен сайлау құжаттарымен  жұмыстың   нақты  іс- әрекет алгоритмі  нақтыланды.

Жеке мәселе ретінде  ағымдағы  жылдың  4 наурызынан бастап  дауыс беретін күні әкімшілік-аумақтық бірліктен  тыс жерлерге  шығатындарға дауыс  беру  құқығын  беретін  куәліктерді  беру тәртібі  белгіленді.

 

Дата публикации
03 марта 2023