Шетелдік байқаушылардың
келуі туралы
Бүгін 28 ақпан күні Сәтбаев қалалық сайлау комиссиясында ЕҚЫҰ/ДИЖАҚБ Сайлауды бақылау миссиясынан Қазақстан Республикасында кезектен тыс парламенттік сайлауды бақылайтын ұзақ мерзімді шетелдік бақылаушылар - Франция өкілі Винсент Годбийон және Даниядан келген София Катрин Свенссонмен кездесу өтті.
Кездесу барысында Сәтбаев қаласының аумақтық комиссиясы мен учаскелік сайлау комиссияларының Қазақстан Республикасында сайлау заңдылықтарын орындау жөніндегі мәселелер талқыланды.