Сәтбаев қалалық сайлау комиссиясының АҚПАРАТЫ

Комиссия отырысы туралы

        Бүгін  25 ақпан  күні  қалалық сайлау комиссиясының  отырысы  өтті.

Күн  тәртібінде  қалалық  сайлау комиссиясы мен қалалық округтік сайлау комиссиялары  мүшелерін   Қазақстан  Республикасы  Мәжіліс  Парламенті мен мәслихаттары  депутаттарын сайлау жөніндегі заңдылықтарын білу бойынша  тестілеу  барысы туралы мәселе қаралды.

      Қазіргі кезеңде Орталық сайлау комиссиясы  ұйымдастырған тестілеуден қалалық сайлау комиссиясының барлық 7 мүшесі, қалалық округтік сайлау комиссияларынан 44 адам өтіп, сертификаттарға ие болды. Аталған комиссиялардың  мүшелерін тестілеу 1 наурызда аяқталады.

     1 наурыздан бастап учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін тестілеу басталады.

     19 ақпаннан бастап учаскелік сайлау комиссиялары өз жұмыстарына кірісті.

     Өздеріне  жүктелген  міндеттеріне байланысты  қалалық сайлау комиссиясының мүшелері сайлау учаскелеріне барып, учаскелік сайлау комиссияларына   әдістемелік  көмек көрсетіп,  кеңес беруде.

Дата публикации
27 февраля 2023