Сәтбаев қалалық сайлау комиссиясының ақпараты
Семинар туралы
Ағымдағы жылдың 16 ақпанында қалалық сайлау комиссиясының ұйымдастыруымен бірнеше күннен кейін өз жұмысын бастайтын учаскелік сайлау комиссияларының төрағалары мен хатшыларына арналған семинар өтті.
Семинарда қаланың сайлау жүйесі, Сәтбаев қалалық мәслихаттың депутаттығына кандидаттарды тіркеу бойынша қалалық округтік комиссиялардың жұмыс барысы туралы мәселелер сөз болды.
АСК төрағасы Н.А.Геймбух семинарға қатысушыларға тиісті әкімшілік- аумақтық бірлік территориясында ҚР Мәжіліс Парламенті мен мәслихаттар депутаттарын сайлау кезіндегі ҚР Конституциялық заңына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы ақпаратпен бөлісті.
Сонымен қатар , 2023 жылғы 19 наурыз да тағайындалған ҚР Мәжіліс Парламенті мен мәслихаттардың кезектен тыс сайлауын әзірлеу және өткізу бойынша негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарына сәйкес учаскелік сайлау комиссияларының атқаратын жұмыстары талқыланды.
