Сәтбаев қалалық мәслихатына
кандидаттарды ұсыну барысы
және сәйкестігін анықтау туралы
Сәтбаев қаласында қалалық мәслихат депутаттарының сайлауын ұйымдастыру және өткізуді 12 округтік сайлау комиссиясы жүзеге асырады.
ОСК-ның деректері бойынша 2023 жылдың 7 ақпанында Сәтбаев қалалық мәслихатының депутаттығына 38 адам ұсынылды. Оның ішінде «AMANAT» партиясынан 12 адам, Қазақстан халық партиясынан- 3 адам, «Ауыл» ХДПП-нан 2 адам, «Ақ жол» ҚДП –нан 1 адам, «Сарыарка» қоғамдық бірлестігінен – 1 адам , өзін өзі ұсыну жолымен - 19 адам ұсынылды.
19 кандидаттың Қазақстан Республикасының Конституциясының және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының талаптарына сәйкестігі анықталды.
Ұсыну 8 ақпанда сағат 18.00де аяқталады.
Округтік комиссиялар кандидаттардың құжаттарымен жұмысты жалғастыруда.