Қазіргі кезеңде Сәтбаев қаласында қалалық мәслихат депутаттығына кандидаттарды ұсыну жалғасып жатыр. Барлығы 29 кандидат ұсынылды:
AMANAT» партиясынан - 12, «Қазақстанның халық партиясы» саяси партиясынан - 2, өзін өзі ұсыну тәртібімен – 15 адам.
Осы кезеңде кандидаттардың Қазақстан Республикасы Конституциясының 33 – бабы, 2-және 3- тармақтарының, 86- бабы 3- тармағының және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» ҚР Конституциялық заңының 4 және 102- баптарының оларға қойылатын талаптарына сәйкестігін анықтау жұмысы жүріп жатыр.
Ұсыну процесі мен олардың құжаттарын тексеру ақпанның 8 күнгі сағат 18.00 ге дейін жалғасады.