Сәтбаев қалалық мәслихат депутатын, шығып кеткен депутаттың орнына тіркеу туралы
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңының 111-1 бабының 6 тармағына сәйкес Сәтбаев қалалық мәслихаты сессиясының 2022 жылғы 24 қарашадағы № 227 шешіміне сәйкес және Сәтбаев қалалық сайлау комиссиясы Сәтбаев қаласының мәслихат депутаты Ахтямов Ринат Наильевичтің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылуына байланысты, "AMANAT "партиясы" қоғамдық бірлестігі Сәтбаев қалалық филиалының Саяси кеңесі Бюросының 2022 жылғы 8 желтоқсандағы № 007 PQ қаулысы негізінде мандат Сәтбаев қаласының мәслихат депутаттығына кандидат Гульназ Рашидовна Гатиятоваға берілді.
Сәтбаев қалалық сайлау комиссиясының 2022 ж. 12 желтоқсандағы қаулысының негізінде Гульназ Рашидовна Гатиятова, 1973 жылы туған, Сәтбаев қаласында тұратын " Қазақстан халқының қоғамдық, рухани және ұлтаралық келісім орталығы" КММ директоры, татар, "АMANAT" партиясының мүшесі Сәтбаев қаласының мәслихатының депутаты болып тіркелді.